M.S. Narikbaev atyndaǵy KAZGUU Universiteti-нің миссиясы

Ұлттық патриотизм идеясына берілген және құқықтың, экономика мен ғылымның маңызды бағыттарының дамушы мәселелерін шешуге бағдарланған, таңдау мүмкіндігіне ие, елдің бәсекеге қабілетті гуманитарлық-құқықтық элитасын қалыптастыру.

Университеттің негізгі миссиясы – сапалы және қолжетімді білім беру арқылы адамдарға қызмет ету!

Сапалы білім дегеніміз – халықаралық стандарттар деңгейіне сәйкес келетін, қазіргі заманғы еңбек нарығы сұранысына жауап беретін білім.

Білімнің қолжетімділігі дегеніміз – ұсынылатын білім беру қызметінің  шынайы өзіндік құнынан құралатын әділ баға.

M.S. Narikbaev atyndaǵy KAZGUU Universiteti-нің болашағы

Дамуы ғылыммен, біліммен, әлеуметтік жауапкершілікпен және рухани-адамгершілік құндылықтармен анықталатын адал және әділ қоғам құруға үлес қосу.
M.S. Narikbaev atyndaǵy KAZGUU Universiteti-нің Стратегиясы

M.S. Narikbaev atyndaǵy KAZGUU Universiteti тарихы

M.S. Narikbaev atyndaǵy KAZGUU Universiteti-нің тарихы 1994 жылдың 14 наурызындағы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қазақ мемлекеттік заң институтын құру туралы» №1591 Жарлығынан басталады. Жарлықта, құқық реформасын жүзеге асыру және республиканың заң кадрлары жөніндегі қажетін қанағаттандыру, заң білімін дамыту мен оның сапасын арттыру мақсатында ашылған «Қазақ мемлекеттік заң институты мемлекеттік өкімет пен басқару органдарына, сот және құқық қорғау органдарына, шаруашылық жүргізуші объектілерге заңгерлер даярлауға арналып мамандандырылады» деп анықталадыТолығарақ…