«M.S. Narikbaev atyndaǵy KAZGUU Universiteti – бұл қазақстандық ғылымның, мемлекеттік қызметі мен бизнесінің интеллектуалдық, басқарушы элитасын дайындайтын бірегей жоғары оқу орны», –КАЗГЮУ Президенті, заң ғылымдарының докторы, профессор Мақсұт Нәрікбаев.

Бүгінде КАЗГЮУ түлектері еліміздің барлық қызмет салаларында өзінің білім ордасын лайықты табыс етуде. Жалпы саны отыз мыңға жуық кәсіби маман, әр түрлі деңгейдегі менеджерлер мемлекеттік ұйымдарда, квазимемлекеттік секторда, шетелдік, халықаралық, ұлттық компанияларда және жеке құрылымдарда еңбек етуде.

Сапалы білім алып, түлектер кәсіби борыш пен таңдаған жолына деген өзінің берілгендігін көрсетіп, өз халқына қызмет етіп келе жатыр. КАЗГЮУ-дың кейбір табысты түлектерін атап өтейік:

бекетаев

Марат Бекетаев – ҚР Әділет министрі.

Қазақ мемлекеттік заң институтын 1998 жылы «заңгер» мамандығы бойынша бітірді. 2016 жылдың қыркүйек айынан бастап Әділет министрлігін басқаруда. Осы лауазымға тағайындалмастан бұрын Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары болып қызмет атқарды.

Махамбет Досмухамбетов – первый вице-министр энергетики РК

Махамбет Досмұхамбетов – ҚР бірінші энергетика вице-министрі.

Махамбет Досмухамбетов 2016 жылы M.S. Narikbaev atyndaǵy KAZGUU Universiteti-нің Бизнес-мектебін тәмәмдады, іскерлік әкімшілендіру магистры болып табылады. Осы лауазымға дейін «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының ірі жобалар жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.

Арман Рамазанов вице министр оборонной промышленности

Арман Рамазанов – қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі. Қазақ мемлекеттік заң академиясын 2002 жылы «заңтану» мамандығы бойынша тәмәмдады. Осыған дейін ҚР Президентінің Әкімшілігінде мемлекеттік инспектор лауазымын атқарды, Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінде жұмыс істеді.

Тимур Токтабаев – вице-министр по инвестициям и развитию РК

Тимур Тоқтабаев – ҚР инвестициялар және даму вице-министрі.

M.S. Narikbaev atyndaǵy KAZGUU Universiteti магистратурасының түлегі, мамандығы «Заңтану». КАЗГЮУ Бизнес-мектебінің де түлегі, іскерлік әкімшілендіру докторы. Вице-министрінің лауазымына дейін ҚР ИДМ Этика жөніндегі уәкілі болды, ҚР ИДМ Жер қойнауын пайдалану департаментін басқарды.

Аскар Жумагалиев

Асқар Жұмағалиев – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК Басқарма Төрағасы.

Қазақ Гуманитарлық-Заң Университетінде «Заңтану» мамандығы бойынша білім алды, көрнекті мемлекеттік қайраткер, ҚР Көлік және коммуникациялар министрі болып қызмет атқарды.

WhatsApp Image 2016-12-27 at 10.03.53

Кеңес Ракишев – «Казкоммерцбанк» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, «SAТ&Co» өнеркәсіптік холдингінің Директорлар кеңесінің төрағасы.

Қазақ мемлекеттік заң академиясын 2000 жылы бітірді. Робототехникалық индустрияда стартап және серпінді технологиялармен айналысатын GenesisAngels ғаламдық венчурлық қоры құрылтайшыларының бірі.

Берик Арын – Чрезвычайный и Полномочный Посол РК в Арабской Республике Египет

Берік Арын – Қазақстан Республикасының Мысыр Араб Республикасындағы, Алжир халықтық-демократиялық республикадағы, Тунис республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі.

Қазақ гуманитарлық-заң университетін 2007 жылы бітірді. Заңтану бакалавры. ҚР СІМ Мысырдағы Елшілігінің кеңесші, ҚР Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының бас инспекторы, ҚР Парламенті Сенатының парламентаралық байланыстар мен халықаралық ынтымақтастық бөлімінің меңгерушісі, Аппарат басшысының орынбасары болып қызмет атқарды.

Алия Назарбаева ә

Әлия Назарбаева – кинопродюсер, дизайнер

КАЗГЮА-да заңгер дипломын алды, зергерлік бұйымдардың танымал отандық дизайнері ретінде танымал, «Анаға апарар жол» фильмінің бас продюсері болып табылады.

Кемелбек Ойшыбаев – Председатель правления АО «РТРК «Казакста

Кемелбек Ойшыбаев

КАЗГЮУ-ды «заңтану» мамандығы бойынша тәмәмдады, «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ директоры, «Казмедиа орталығы» бас директорының бірінші орынбасары, «Zaman Қазақстан» республикалық газетінің бас редакторының орынбасары, «Қазақтелеком» АҚ корпоративтік сату дирекциясының бас директоры болып жұмыс істеді.

11111

Нұрлан Утешев – «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» үкіметтік емес ұйымының басқарма төрағасы;

Қазақ мемлекеттік заң университетін 1998 жылы бітірді. Еңбек жолын Ректор магистратурасын тамамдағаннан кейін М.С. Нарикбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінде қаржы құқығының оқытушысы ретінде бастады. 2000 жылы КАЗГЮУ-дың тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры болып тағайындалды. ҚР Білім және ғылым министрлігінің Жастар саясаты департаментінің директоры, Жастар істері жөнінде комитетінің төрағасы, «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» ЖҚ төрағасы болып қызмет атқарды.

Арман Маркашов – Управляющий советник по правовым вопросам КПО («Карачаганак Петролиум Оперейтинг

Арман Маркашов – КПО («Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг») құқықтық мәселелер бойынша басқарушы кеңесшісі.

1996 жылы КАЗГЮУ-дың кәсіпкерлік-құқықтық факультетін бітірді, КазГЮИ жанындағы «Жер ұйық» қоғамдық қорының жалпы, практикалық және заң психологиясы курстарында оқыды. КазГЮИ оқытушысы, «АРНЕК Консалтинг» заң агенттігінің директоры, Адам құқықтары жөніндегі комиссияның Алматы өңірі бойынша өкілдігінің басшысы, ПРООН ұлттық кеңесшісі, «Қазақойл» ұлттық мұнай-газ компаниясының заң департаментінің, Қарашығанақ жобасы департаментінің заң кеңесшісі болып жұмыс істеді.

Сара Найман – оперная певица РК;

Сара Найман – ҚР опера әншісі

Қазақ мемлекеттік заң академиясының кәсіпкерлік құқық факультетінің түлегі. Танымал қазақ опера әншісі.

Олжас Тохтаров

Олжас Тохтаров – «Астана Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы;

Қазақ мемлекеттік заң академиясын 2001 жылы «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірді. «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ бас заңгері, «Орталық-азиялық жылу энергетикалық компаниясы» АҚ басқарушы директоры, «Д. Қонаев атындағы ЖЗҚ» АҚ Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары, «United Capital» ЖШС-інің президенті, «SAT&Company» АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі болып қызмет атқарды.

Мурат Абенов – заместитель председателя правления Национальной палаты предпринимателей РК

Мұрат Әбенов – ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының орынбасары;

Қазақ мемлекеттік заң академиясын 2002 жылы «заңтану» мамандығы бойынша бітірді, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы, ҚР Білім және ғылым вице-министрі, «Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру орталығы» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болды. КАЗГЮУ Бизнес-мектебінің тыңдаушысы болып табылады.

Айдын Турганбаев

Айдын Тұрғанбаев – «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарушы директоры.

Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірді. Мемлекеттік кірістер министрлігінде жұмыс істеді, ҚР Әділет министрлігінің Заң шығару институты директорының орынбасары, Көкшетау облысы мемлекеттік органдарының қызметін қадағалау басқармасының бастығы болып қызмет атқарды, Ақтөбе облысының Әділет департаментін басқарды.

Әділбек Сәрсембаев – Астана қаласы Алматы ауданының әкімі;

Қазақ мемлекеттік заң академиясын 2000 жылы «Заңтану» мамандығы бойынша бітірді. Кез келген жылдары салық саласында жұмыс істеді, Астана қаласы әкімдігінің жүйесінде, ҚР Президентінің Әкімшілігінде лауазымдарды атқарды. Петропавл қаласы әкімінің бірінші орынбасары болды, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппаратын басқарды. 2015 жылдан бастап Астана қ. Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасын басқарды. Саяси ғылымдардың кандидаты.

Ахтаев

Данияр Ахтаев – «Сарыарқа» Астана қаласы кәсіпкерлері қауымдастығының басқарма төрағасы, «ADS Holding» ЖШС-інің бас директоры.

КАЗГЮУ Бизнес-мектебінің 2016 жылғы түлегі, іскерлік әкімшілендіру магистры, табысты кәсіпкер, отандық азық-түлік нарығын экологиялық таза өніммен толтыру бойынша жобаларының авторы, Қазақстанда мейрамханалар желісінің иесі.

Байжулдиова

Жанара Байжулдинова – заңгер, көп балалы ана;

Қазақ мемлекеттікзаң университетін 1998 жылы «Кәсіпкерлік құқық» мамандығы бойынша бітірді. «Байжулдинова Жанардың қайырымдылық қоры» ЖК басшысы.

Максат Казиев

Мақсат Қазиев – Қостанай қ. прокуроры;

Қазақ гуманитарлық-заң университетін 2002 жылы бітірді. ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары, Астана қаласы Алматы ауданы прокурорының көмекшісі, Астана қаласы прокуратурасының тергеу мен алдын ала анықтау заңдылығын қадағалау бойынша бөлімінің прокуроры, ҚР Бас Прокуратурасының органдарында, көлік прокуратурасында жұмыс істеді.

олжас раев

Олжас Раев – ҚР Елшілігінің Оңтүстік Кореядағы инвестициялар жөніндегі арнайы кеңесшісі; Қазақ гуманитарлық-заң университетін 2003 жылы бітірді. Халықаралық бизнес және сауда саласындағы іскерлік әкімшілендіру магистры. ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Сауда комитеті Сыртқы сауда басқармасының маманы, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің индустриялық-инновациялық даму бөлімінің бас сарапшысы, Индустрия және сауда министрлігінің халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры, ҚР ИЖТМ экономикалық интеграция және ДСҰ департаментінде қызмет атқарды.

Ерманов Алмат

Алмат Ерманов – Атырау қалалық сотының төрағасы;

Қазақ мемлекеттік заң университетін 1997 жылы бітірді.

Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік тергеу комитетінің тергеушісі, Қызылорда облысының Байқоңыр қаласы ҰҚК департаментінің жедел уәкілі болып жұмыс істеді. Қызылорда облысының мамандандырылған экономикалық сотының судьясы, Қармақшы аудандық сотының судьясы, Қызылорда облыстық сотының судьясы, Атырау қалалық сотының төрағасы.

Ермек Сакишев ИФК

Ермек Сакишев – Қазақстанның Инвестициялық қорының басқарма төрағасы.

Қазақ гуманитарлық-заң университетін 2008 жылы «Заңтану» мамандығы бойынша бітірді. Еңбек қызметін ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде жетекші маман лауазымынан бастады, жеке сектордағы компанияларда жұмыс істеді, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің сектор меңгерушісі қызметін атқарды. Одан басқа, ол «Самұрық-қазына» ҰӘҚ» АҚ Инновациялық саясат департаментін басқарды. Соңғы лауазымға дейін «Бәйтерек девелопмент» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары лауазымын атқарды.

газиз

Ғазиз Құсайын  – «ҚазМұнайГаз –ТеңізСервис» ЖШС-інің бас директоры; Қазақстан мемлекеттік заң университетін 2001 жылы «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша бітірді. Еңбек қызметі мұнай сервисі саласымен байланысты.

Мухтар Байтуреев  – «Монтажспецстрой» АҚ Президентінің даму жөніндегі орынбасары.

Жобалау, жабдықты жеткізу саласындағы ірі қазақстандық инжинирингтік компания басшылығының өкілі болып табылады.

Асель Акбарова

Асель Акбарова – тележүргізуші, актриса

Қазақ мемлекеттік заң университетін бітірді. «Хабар», «Астана» телеарналарының жаңалықтар қызметінің жүргізушісі болып жұмыс істеді. Танымал қазақстандық актриса, ««Гламур для дур»,  «Зауал», «Перекресток в Астане» және т.б. фильмдеріне түскен.

айтмухаметов

Данияр Айтмухаметов – ҚР Әділет министрлігінің жауапты хатшысы;

Қазақ мемлекеттік заң академиясын 2000 жылы «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірді.

Прокуратура органдарында жұмыс істеді, ҚР Әділет министрлігінің Халықаралық құқық, мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау, келісімшарттар және талап-арыз жұмысы департаменті директорының орынбасары, Заңға тәуелді актілер департаментінің, Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаментінің, Бақылау және ішкі аудит департаментінің, Ішкі әкімшілік департаментінің директоры болып қызмет атқарды.

вагапов

Данияр Вагапов – ҚР Президент әкімшілігі мемлекеттік-құқық бөлімінің меңгерушісі;

Қазақ мемлекеттік заң университетін 1998 жылы «Заңтану» мамандығы бойынша бітірді. ҚР Қаржы министрлігінде, Көлік және коммуникациялар министрлігінде, ҚР Президентінің Әкімшілігінде, ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесінде қызмет атқарды, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ вице-президенті, «Нұр Отан» ХДП басшысының орынбасары болып жұмыс істеді, Астана қ. Заң басқармасын басқарды. Соңғы лауазымға дейін ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Сауда комитетінің төрағасы қызметін атқарды.