fielding johnson students lawn front 730 x 390

2012 жылы QS World University Rankings Лестер университетін Ұлыбританияда дәйексөз келтіру индексі бойынша 8-орынға орналастырды. 2016 жылы университет TheCompleteUniversityGuide рейтингінде 24-орынға ие болды.

2015 жылдың 29 қаңтарында КАЗГЮУ Университеті және Лестер Университеті арасында Ынтымақтастық туралы екі жақты келісімге қол қойылды. Осы келісім аясында Эразмус+ академиялық оралымдылық бағдарламаларын қаржыландыруын алуға өтінімді даярлады. Бұл өтінімді Еуропалық Одақ мақұлдады.

Қазір КАЗГЮУ студенттерінің Ұлыбританияның қақ ортасында орналасқан Лестер қаласына бару және бір семестр бойынша Лестер университетінде оқу мүмкіндігі бар. Академиялық оралымдылық бағдарламасы 2017 жылдың қаңтар айынан бастап қызмет етеді.

Қабылдайтын жоғары оқу орнында студенттің оқуымен және болуымен байланысты барлық шығындарды Эразмус+ бағдарламасы өтейді.

КАЗГЮУ Университеті үшін шығыс оралымдылық:

  • екі жылдың ішінде КАЗГЮУ-дың 10 студенті Лестер Университетінде бір семестр бойы оқи алады;
  • 2 қызметші бір ай бойы Лестер Университетінде тағылымдамадан өте алады.

Кіріс оралымдылық:

  • 3 PhD докторанты оқу үшін КАЗГЮУ-ға 3 айға жіберілетін болады;
  • Лестер Университетінің 4 оқытушысы бір айға университетімізге сабақ беру үшін келеді;
  • 1 әкімшілік қызметкер біліктілікті арттыру курстарын жүргізу үшін КАЗГЮУ-ға жіберілетін болады.