Olimp

Регистрируйся на Республиканскую олимпиаду от университета КАЗГЮУ!

Slide 3

Подробная информация о поступлении на программы Бакалавриата

Slide 2

Подробная информация о поступлении на программы Магистратуры

Общага
Заселение в
дом студента
Заселение в
дом студента
previous arrow
next arrow

Іс-шаралар

Барлық іс-шаралар

Жаңалықтар

Асхат Қанатұлы Аймағамбетов –
2019–2022 жылдары Білім және ғылым министрі.
2022-2023 жылдары Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі болып қызмет етті.

Енді бүгінгі күннен бастап М.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінде дәріс оқитын болады. Асхат Қанатұлы біздің студенттерімізге өз тәжірибесімен бөлісіп, тұлға болып қалыптасуына үлкен септігін тигізетініне сенімдіміз.

«Түрлі ұсыныстар бар, тиісті жоспарларым бар екенін де жасырмаймын. Сұхбатта да айттым. Ол туралы нақты бір-екі күнде белгілі болады. Бірақ оқытушылық жұмысты қандай қызмет болса да бірге алып жүруге болады, сондықтан ағартушылық еңбегімді осылай бірге алып жүріп жалғастырамын» – деді Асхат Аймағамбетов.

M.S. Narıkbaev atyndağy KAZGUU Unıversıteti Жоғары Гуманитарлық Мектебінің жаңа Associate Professor – Шульман Екатерина Михайловнаны қарсы алайық!

Екатерина Шульман – әйгілі саясаттанушы, публицист, заң шығару мәселелері саласындағы білікті маман. Ол саясаттану ғылымдарының кандидаты және көптеген ғылыми еңбектердің авторы.

Екатерина Михайловна 2023 жылдан бастап Associate Professor және бакалавриат, магистратура студенттеріне арналған саясаттану және саяси аналитика бойынша майнорлардың әдістемелік жетекшісі.

Екатерина Шульман студенттеріміздің білім нәрімен сусындауына сүбелі үлес қосады деген сенімдеміз!

диссертация

2023 жылғы ақпан айының 10 жұлдызында, сағат 17.00-де «M.S. Narikbaev atyndaǵy KAZGUU Unıversıteti» АҚ-да Кужатов Багдат Гиззатовичтің «Revision of balance between regulatory rights and investment protection under fair and equitable treatment: The Energy Charter Treaty framework» тақырыбында «8D042 – Құқық» бағыты бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациясы қорғалады.

Рецензенттер:

• Мауленов Касым Сырбаевич – з.ғ.д., Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің «Экономика және бизнес» кафедрасының профессоры;
• Туякбаева Назгуль Сабыровна –PhD докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің заң факультетінің доценті.

Ғылыми кеңесшілер:

• Ногайбай З., Ph.D, Counsel in White & Case Kazakhstan LLP
• Dr. Borzu Sabahi, Prof. of International Investment Law,Georgetown University (USA),Partner in Curtis, Mallet-Prevost, Colt & Mosle LLP

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

Horace W.H. Yeung (Wai Ho YEUNG) – D.Phil. in Corporate Finance Law (University of Oxford, 2010), Associate Professor in Commercial Law, University of Leicester.
Абылайұлы Абай –PhD докторы, M.S. Narikbaev atyndaǵy KAZGUU Unıversıteti Құқық жоғары мектебінің Adjunct Assistant Professor және «Халықаралық құқық» оқу бағдарламасының жетекшісі;
Тусупов Адильбек –PhD докторы (UNIVERSITÄT DES SAARLANDES), M.S. Narikbaev atyndaǵy KAZGUU Unıversıteti Құқық жоғары мектебінің Adjunct Assistant Professor.

Қорғау «M.S. Narikbaev atyndaǵy KAZGUU Unıversıteti» АҚ-да «8D042 – Құқық », «8D04201 –Құқықтану» диссертациялық кеңесінде, ағылшын тілінде, Астана қаласы, Қорғалжын тас жолы, 8, Конференц-холлда өткізіледі.

3 желтоқсанда КАЗГЮУ түлектерінің көптен күткен кездесуі өтеді!

Барлық жылдардың түлектеріне арналған кездесу
Қайырымдылық жарнасын төлеу өз еріктері бойынша
Серіктесіміз @quizda.bol-дан Квиз ойыны

Өтетін орны: КАЗГЮУ Университеті
Парақшамыздың жоғарғы жағындағы сілтеме бойынша тіркелу.

Сол күні КАЗГЮУ түлектерінің After party өтеді!✨

After party-ге қатысу: 15 000 теңге

Мына нөмір бойынша төлеу: +7 701 999 9320

Тізімге қосу үшін аты-жөніңізді көрсетіңіз.

Өтетін орны: Zvuk

Альма-матеріміздің түлектері, біз сіздерді күтеміз!
___
Уже 3 декабря состоится долгожданная встреча выпускников КАЗГЮУ!

Встреча для всех выпусков
Благотворительный взнос по желанию
Играем в Квиз от наших партнеров @quizda.bol

Место: Университет КАЗГЮУ
Регистрация по ссылке в шапке профиля

И в тот же вечер состоится After party выпускников КАЗГЮУ!✨

Входные на after party: 15 000 тенге

Оплата по номеру: +7 701 999 9320

Укажите Ваши данные ФИО для добавления в список.

Место: Zvuk

Ждём вас, выпускники нашей альма-матер!

ОМО басшыларына,

Қазақстан Республикасының

облыстық, қалалық және

аудандық әкімдіктеріне

M.S. Narıkbaev atyndaǵy KAZGUU Unıversıteti Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің нұсқау хатына сәйкес (кіріс № КҚ-10702, 2022 жылғы 18 қарашадағы) 2022 жылғы 01 желтоқсаннан бастап 31 желтоқсанға дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманы жүргізу үшін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қабылдауды тоқтататынын хабарлайды.

Осыған орай барлық орталық және жергілікті мемлекеттік органдардан мемлекеттік органның құрамына кіретін мүдделі құрылымдық бөлімшелер мен ведомстволарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамаға шұғыл және өзекті НҚА жобаларын 2022 жылғы 30 қарашаға дейін ұсыну қажеттілігі туралы хабарлауды сұраймыз.

Байланысу деректері: 8 7172 703015, 8 7172 703042м

 

Документке сілтеме

1994 жылдың 14 наурызы – M.S. Narikbaev atyndaǵy KAZGUU Unıversıteti-нің құрылған күні🏛

Сол сәттен бастап 10 220 күн бойы әрқайсымыз өз арманымызға қарай талпынудамыз. Біріміз заң және мемлекеттік салаларда жетістіктерге жетуге ұмтылсақ, басқаларымыз халықаралық мансап құруға ұмтылдық.

M.S. Narikbaev atyndaǵy KAZGUU Unıversıteti-нің мақсаты мен арманы да жүзеге асып келеді, біздің білім беру сапамызға тәуелсіз ұйымдардың берген бағасы соған дәлел.📊

Құрметті M.S. Narikbaev atyndaǵy KAZGUU Unıversıteti-нің студенттері, түлектері, оқытушылары мен қызметкерлері, осы дара жолда бізбен бірге болғандарыңыз үшін рахмет!

Туған күніңмен, M.S. Narikbaev atyndaǵy KAZGUU Unıversıteti!

Барлық жаңалықтар

БАҚ

Фотогалерея

ЖАҢАЛЫҚТАРҒА ЖАЗЫЛУ

Іс-шаралар, форумдар, қонақтардың дәрістері, вебинарлар және көптеген басқа да қызықты шаралар

Spelling error report

The following text will be sent to our editors: