fff11

Rotaract — көшбасшылық дағдыларын дамыта отырып және бүкіл әлемдегі адамдармен байланыстарды орнатып, дүниежүзілік проблемалардың шешімін іздеуге тырысатын, 18-30 жас аралығындағы жастардың халықаралық қайырымдылық клубы.

Rotaract клубына Rotary International клубтары демеуші болады. Rotaract ұраны: «Қоғамға қызмет етіп достасу».
Rotaract мақсаттары:

1. Жеке тұлғалық және кәсіби даму үшін қосымша білім мен дағдыларды иеленуге мүмкіндік беру.
2. қоғамға қызмет ету арқылы әлеуметтік проблемаларды шешу.
3. халықаралық қызмет арқылы елдер арасындағы достықты және өзара түсіністікті нығайту және басқа елдерден ротаракт (Rotaractors) ізбасарларымен жеке байланыс орнату.
Қазіргі таңда Rotaract Club of Astana Youth командасы мынадай жобаларды жүзеге асыруда:

1. Kunshuaq» — Rotary Club of Astana-мен бірге мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған саябақ.
2. Clinic Super Heroes апта сайынғы дамытушы ойындар және балалардың онкологиялық бөлімшесі үшін ағылшын тілі курстарын ұйымдастыру.
3. BookLotto — «Books to Auls» әлеуметтік жобасын қолдау үшін кітап лотереясы.
4. Youth Empowerment Program — жастарға арналған көшбасшылық дағдыларды дамыту бағдарламасы.
5. Inclusive New Year – ерекше қажеттіліктері бар балаларға жаңа жылдық сыйлықтар.

Rotaract club of Astana Youth 2018 жылдан бастап қызмет етеді. Клуб екі жүз елден миллионнан астам адамды қамтитын, 33 мыңға жуық клубты біріктіретін Ротари Интернешнл (Rotary International) халықаралық гуманитарлық үкіметтік емес қауымдастығының бөлігі болып табылады.

Негізгі қызметі – бүкіл әлем бойынша қайырымдылық жасау.

Байланыс деректері:
Instagram