CSI – INTELLIGENCE

https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLScbNn2BVmJZHinpxi4WCrMmlPkiNM2pGxYvJZDQhcVcq7aQ5Q/viewform?usp=sf_link

БҰҰ моделі – тек қана студенттер ұйымы емес, бұл тұтас пікірлестердің
қауымдастығы. Біздің ұйымымыздың мақсаты – БҰҰ атқаратын қызметiне еліктей отырып, рөлдік ойындарды қолдана, жастардың назарын жаһандық мәселелерге аудару. Клуб мүшелері әр түрлі елдердің делегаттары (ресми өкілдері) рөлiнде өздерiн танытады. Әрбiр конференцияда белгiлi бiр мәселе айқындалып, сонын аясында барлық мүмкін болатын шешімдер талқыланалы. Делегаттар саяси пікірсайысты бастап, соңында ортақ бiр шешімге келіп, резолюция жазады. Оған қоса, БҰҰМ-нiң өкiлi болу үшін, мінсіз саяси білімнiң қажетi жок! Әркім біздің клубтың мүшесi бола алады, ал ең белсенділерi болашақта комитеттердің төрағалары лауазымына орналасуға және конференциялардың барысына жетекшілік етуге мүмкіндік алады.

БҰҰМ әр конференцияда делегаттарға (клуб мүшелеріне) әртүрлi елдер беру арқлы әлеуетiн кеңейтедi. Делегаттар әртүрлі елдердің тарихымен, саясатымен, тіпті дәстүрімен де таныса алады. Сонымен қатар, БҰҰМ сыни тұрғыдан ойлауды және көпшілік алдында сөйлеу қабiлетiн дамытады. Конференциялар үш тілде өтеді: қазақша, ағылшынша, орысша.

Cұрақтарыңыз болса, хабарласыңыз:
Instagram: @kazguu_mun
Gmail: kazguumunclub@gmail.com
Telegram: t.me/dqooq