FIBAA КАЗГЮУ Университетінің халықаралық аккредиттелгенін растады

КАЗГЮУ Университеті 2016 жылдың 5 қазанында FIBAA (Бизнес-әкімшілендіру саласындағы бағдарламаларды халықаралық аккредиттеу қоры) халықаралық аккредиттеуден өту туралы сертификатын алғандығын қуана-қуана хабарлайды. Халықаралық аккредиттеу КАЗГЮУ-дың білім беру бағдарламаларының жоғары сапасын және олардың халықаралық стандарттарға сәйкестігін растайды. Университет түлектерінің айқын артықшылықтары –  университет дипломының шетелде мойындалуы және жұмысқа орналасу кезінде мүмкіндіктердің кеңеюі, сондай-ақ Еуропа пен АҚШ-та білімді жалғастыру мүмкіндігі.  

Жалпы алғанда не жеке бағдарлама аясында КАЗГЮУ Университетін тәуелсіз аккредиттеу кезінде оқу орны түлектерінің еңбек нарығында қаншалықты бәсекеге қабілетті бола алатындығына ерекше назар аударылған.  

Бүгінде КАЗГЮУ Университеті FIBAA халықаралық аккредиттеу рәсімінен ешбір кедергісіз өткен Қазақстандағы алғашқы және жалғыз оқу орны болып табылады. Аккредиттеу бакалавриаттың және жоғары оқу орнынан кейінгі оқытудың заңгерлік және экономикалық бағдарламаларына қатысты 2016 жылдың 30 қыркүйегінен бастап 2021 жылдың 30 қыркүйегінен дейін әрекет етеді.

*FIBAA (Бизнес-әкімшілендіру саласындағы бағдарламаларды халықаралық аккредиттеу қоры) – экономика, менеджмент, заңтану және әлеуметтік ғылымдар саласындағы жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі, қосымша және корпоративтік білімнің сапасына сараптама жүргізетін жетекші еуропалық аккредиттеу агенттігі. FIBAA – Еуропадағы жұмыс берушілердің құрған алғашқы аккредиттеу агенттігі.

Поделиться с друзьями: