MNU University Әскери кафедрасы

 

Қазақ технология және бизнес университетінің Әскери кафедрасы MNU University запастағы офицерлер мен запастағы сержанттар әскери дайындық бағдарламалары бойынша ақылы негізде студенттерді оқуға қабылдау туралы хабарлайды.

Запастағы офицерлерді даярлау бағдарламасы бойынша оқыту үшін құжаттар 1-курс студенттерінен, ал запастағы сержанттарды даярлау бағдарламасы бойынша оқыту үшін құжаттар 1 және 2-курс студенттерінен қабылданады.

Оқуға ниет білдірген студенттер MNU University Әскери кафедрасына (№ 5 кабинетке) келесі құжаттарды тапсыру қажет: 

 жеке куәлік (түпнұсқасы мен көшірмесі);

 тіркеу куәлігі немесе әскери билет (түпнұсқасы мен көшірмесі);

 3х4 өлшемді 2 фотосурет;

 студенттің ЖОО-да нақты оқитындығы туралы анықтама;

 Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 27 шілдедегі № 95 «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12055 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес форма бойынша соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама;

спорттық жетістігін растайтын құжат (бар болса) СШ, СШҮ; (көшірмесі)

жеке істі ресімдеуге арналған құжат тігетін папка және екі файл. 

Қосымша ақпаратты Әскери кафедраның ақпараттық орталығынан (қалалық телефон                    70-30-37, ішкі тел. 11-17; Егинбаева Айман Мэлсовна) алуға болады.

Поделиться с друзьями: