ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖУРНАЛИСТИКА МЕКТЕБІНІҢ ЖАҢА ДЕКАНЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Maqsut Narikbayev University Халықаралық журналистика мектебінің деканы лауазымына Айгүл Жамалованың тағайындалғаны туралы хабарлайды.

Maqsut Narikbayev University – халықаралық білім деңгейін ұсынатын еліміздің университеттері арасында көшбасшы білім ордасы. Университет командасына халықаралық журналистика магистрі Айгүл Жамалова қосылды.

Айгүл Жамалова – медиа саласында 15 жылдан астам тәжірибесі бар кәсіби журналист және медиаменеджер. Ол беделді «Болашақ» стипендиясы арқылы Ұлыбританияның Лидс университетінің Халықаралық журналистика магистрі дәрежесіне ие болды. Ал 2021 жылдан бастап MNU-де лектор қызметін атқарады.

Maqsut Narikbayev University командасына қосылғанға дейін Айгүл Жамалова «Жетінші арна», «Atameken Business» сияқты Қазақстанның жетекші медиакомпанияларында басшылық қызметтерін атқарды. Оның digital-стратегияларын әзірлеу және іске асыру, интернет-маркетинг, интернеттегі жеке және корпоративтік брендті жылжыту, сондай-ақ үш тілде эксклюзивті сұхбаттар жүргізу және мәтін жазу саласында мол тәжірибесі бар.

Өз қызмет жолында Айгүл Жамалова «Астана» халықаралық қаржы орталығында корпоративтік коммуникациялар жөніндегі директор лауазымын атқарды, онда брендтің жаңартылған digital-стратегиясын іске асырумен және ішкі коммуникацияларды құрумен айналысты. 

Maqsut Narikbayev University Айгүл Жамалованың мол тәжірибесі, терең білімі және көшбасшылық қабілеті университеттің дамуына оң әсер етіп, ал Халықаралық журналистика мектебі оның жетекшілігімен Қазақстанда білікті журналистерді даярлаудың орталығына айналатынына сенімді.

Ескерту: 2023 жылдың қыркүйек айында Maqsut Narikbayev University-де ҚР Президент Телерадиокешенінің қолдауымен Қазақстандағы алғашқы Халықаралық журналистика мектебінің салтанатты ашылуы өткен.

Қосымша ақпарат: +7 (747) 912-12-89 (Алмас), +7 (776) 107-01-76 (Гүлжанат). e-mail: PR@kazguu.kz

Поделиться с друзьями: