2024-2025 оқу жылының күзгі семестріне арналған академиялық ұтқырлық бағдарламасының конкурсына қатысуға өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарлаймыз. 

Құрметті студенттер! 

2024-2025 оқу жылының күзгі семестріне арналған академиялық ұтқырлық бағдарламасының конкурсына қатысуға өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарлаймыз. 

Конкурсқа қатысуға кемінде 60 ECTS кредитін игерген бакалавриат білім алушылары, сондай-ақ магистратура, докторантура білім алушылары шақырылады.

Талаптар: 

  • GPA деңгейі – 2.5, Erasmus+ — 3.0  
  •  ағылшын тілі деңгейі – В2 деңгейінен төмен емес 

Өтінім берудің соңғы мерзімі: 11 наурыз 2024 жыл 

Өтінім берудің соңғы мерзімі (келесі серіктес-университеттер үшін) 

Пенн Стейт Университеті 

 

               29 ақпан 2024 жыл 

 

СОКА Университеті 

Сеул Ұлттық Университеті 

 

Өтінім мен құжаттарды Smart KAZGUU-дің веб-нұсқасы арқылы жіберу қажет, сондай-ақ барлық құжаттардың электрондық нұсқасын №213 кабинетке (USB флэш-дискісінде) ұсыну қажет. 

Қажетті құжаттар тізімі: 

  • білім алушының нысан бойынша өтініші (жүктеу); 
  • төлқұжаттың скан-көшірмесі; 
  • ағымдағы оқу жылындағы үлгерім туралы транскрипт (орыс және ағылшын тілдерінде); 
  • шет тілін меңгеру деңгейін растайтын құжат (бар болған жағдайда); 
  • нысан бойынша толтырылған сауалнама (жүктеу); 
  • академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде шетелде білім алуға үміткердің ата-анасының (қамқоршыларының, заңды өкілдерінің) жазбаша келісімі (жүктеу); 
  • қазақ, орыс немесе ағылшын тілдеріндегі ұсыныс хаттар (бар болған жағдайда); 
  • таңдалған оқу бағыты бойынша республикалық немесе халықаралық деңгейдегі іс-шараға қатысқаны үшін иеленген грамоталардың, сертификаттардың, дипломдардың көшірмелері (бар болған жағдайда); 
  • бар болған жағдайда үміткердің келесі санаттарға жататындығын растайтын құжаттардың көшірмелері: отбасы құрамы туралы құжат, студенттің көп балалы отбасынан екенін растайтын құжат; студенттің ата-анасының жоқтығын растайтын құжат (жетім балаларға немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттер санаты үшін);  студенттің мүгедектігін растайтын құжат. 

Сонымен қатар, серіктес жоғары оқу орындары мен курстар тізімімен алдын ала танысуды сұраймыз. Таңдалған курстар тізімінің оқу бағдарламасымен сәйкестігі жөнінде эдвайзермен келісу қажет. 

Сұрақтар туындаған жағдайда Халықаралық Ынтымақтастық Бөлімімен электрондық пошта mobility@kazguu.kz, Instagram @mnu_international немесе № 213 кабинетке келу арқылы байланысуға болады. 

Серіктес университеттердің тізімі ақпарат хабылдануына байланысты толықтырылады. 

Erasmus + бағдарламасы бойынша серіктес университеттердің тізімі  

Дания: 

ЖОО атауы  Білім беру бағдарламасы / бағыты  Орындар саны 
Копенгаген Университеті (University of Copenhagen), Копенгаген  Халықаралық қатынастар, Халықаралық құқық (Political Science), Іскерлік әкімшілендіру  4 

Чехия Республикасы: 

Острава Университеті (University of Ostrava), Острава  Аударма ісі, Қолданбалы лингвистика 

* Екінші шет тілі француз тілі болуы қажет, кем дегенде A2-B1. 

3 

Өзін-өзі қаржыландыру бағдарламасы бойынша серіктес университеттердің тізімі 

АҚШ: 

ЖОО атауы  Білім беру бағдарламасы / бағыты  Орындар саны 
Пенн Стэйт Университеті (Penn State Law), Пенсильвания штаты  Халықаралық құқық, Құқық қорғау қызметі, Құқықтану 

* Бакалавриаттың 3-курс және магистратураның 1-курс студенттеріне арналады 

2 

Жапония: 

СОКА Университеті (SOKA University), Токио  Халықаралық қатынастар, Іскерлік әкімшілендіру, Халықаралық құқық, Құқық қорғау қызметі, Құқықтану  5 

Корея Республикасы: 

Сеул Ұлттық Университеті (Seoul National University), Сеул  Халықаралық құқық, Құқық қорғау қызметі, Құқықтану  2 

  

Вусонг Университеті (Woosong University), Тэджон  Ақпараттық технологиялар саласындағы іскерлік әкімшілендіру  2 
Солбридж Халықаралық бизнес мектебі, Вусонг Университеті (Woosong University), Тэджон  Іскерлік әкімшілендіру  2 

Дания: 

Копенгаген Университеті (University of Copenhagen), Копенгаген  Халықаралық қатынастар, Халықаралық құқық (Political Science), Іскерлік әкімшілендіру, Аударма ісі, Қолданбалы лингвистика  6 

Чехия Республикасы: 

Острава Университеті (University of Ostrava), Острава  Аударма ісі, Қолданбалы лингвистика, Экономика, Қаржы, Менеджмент  10 
Мендель Университеті (Mendel University), Брно  Іскерлік әкімшілендіру  4 
Метрополитен Университеті (Metropolitan University Prague), Прага  Халықаралық қатынастар  2 

Франция: 

Тулуза Университеті (Sciences Po Toulouse), Тулуза  Халықаралық қатынастар, Халықаралық құқық (Political Science)  3 

 

 

Германия: 

Киль Университеті (Kiel University), Киль  Іскерлік әкімшілендіру  4 
Рейн-Вааль Университеті (Rhein Waal Hochschule), Клеве 

 

Іскерлік әкімшілендіру, Халықаралық қатынастар  4 
Хоф Университеті (Hof university), Хоф  Іскерлік әкімшілендіру  2 
Нордхаузен қолданбалы ғылымдар университеті (Nordhausen University of Applied Sciences), Тюрингия  Іскерлік әкімшілендіру  2 
Шмалькальден қолданбалы ғылымдар университеті (Schmalkalden University), Тюрингия  Іскерлік әкімшілендіру  10 

Испания: 

Хаэн Университеті (University of Jaén), Хаэн   

Аударма ісі,   

Іскерлік әкімшілендіру 

5 

Латвия: 

Туриба Университеті (Turiba University), Рига   

Туризм, Қонақжайлылық, 

Іскерлік әкімшілендіру 

5 

Литва 

 

Вильнюс Университеті (Vilnius University), Вильнюс  Халықаралық құқық, Құқық қорғау қызметі, Құқықтану  5 

Венгрия: 

Дунайварош Университеті (University of Dunaujvaros), Дунайварош  Іскерлік әкімшілендіру  2 

Польша: 

ГуманитарлықЭкономикалық Университет (University of Humanities and Economics), Лодзи   Іскерлік әкімшілендіру  15 
WSB Университеті (WSB University), Домброва-Гурнича  Менеджмент, Ақпараттық технологиялар саласындағы іскерлік әкімшілендіру, Халықаралық қатынастар  5 

 

Қытай:  

 

Солтүстік-Батыс университеті (Northwest University), Сиань  Журналистика: аналитика және зерттеу 

 

2 
Халықаралық құқық, Құқық қорғау қызметі, Құқықтану  2 

Түркия: 

Fenerbahçe University (Fenerbahçe Üniversitesi), Стамбул  

Халықаралық қатынастар  2 

Altinbas University (Altınbaş Üniversitesi), Стамбул  

Халықаралық қатынастар  5 

Грузия: 

Кавказ Халықаралық Университеті (Caucasus International University), Тбилиси  Іскерлік әкімшілендіру  4 
Грузин қоғамдық істер институты (Georgian Institute of Public Affairs), Тбилиси  Халықаралық қатынастар, Халықаралық құқық (Political Science) Журналистика, Маркетинг, Экономика, Психология  2 
Иване Джавахишвили атындағы Тбилиси мемлекеттік университеті (Ivane Javakhishvili Tbilisi State University), Тбилиси  Психология  2 
Шота Руставели атындағы Батуми Мемлекеттік Университеті (Batumi Shota Rustaveli State University), Батуми Халықаралық құқық, Құқық қорғау қызметі, Құқықтану, Туризм, Іскерлік әкімшілендіру, Аударма ісі, Қолданбалы лингвистика 5 

Индонезия: 

Пертамина Университеті (Pertamina university), Джакарта  Халықаралық қатынастар, Менеджмент, Экономика  5 
Аирланга Университеті (Airlangga University), Сурабая  Халықаралық қатынастар  

(GPA 3.0) 

5 

 

Малайзия:  

 

АзияТынық мұхиты технология және инновациялар университеті (Asia Pacific University of Technology & Innovation), Куала-Лумпур  Ақпараттық технологиялар саласындағы іскерлік әкімшілендіру  1 

 

Бангладеш: 

 

Даффодил халықаралық университеті (Daffodil International University), Дакка  Іскерлік әкімшілендіру, 

Туризм, Қонақжайлылық 

(GPA 3.0) 

3 

 

Өзбекстан 

 

Ташкент мемлекеттік заң университеті (Tashkent State University of Law), Ташкент  Халықаралық құқық, Құқық қорғау қызметі, Құқықтану  5 

Бельгия 

Льеж Университеті, Льеж 

 

Халықаралық қатынастар, Халықаралық құқық (Political Science)  2 

 

  

  

 

Поделиться с друзьями: