Экспорттық бақылау бойынша университеттік курс

КАЗГЮУ Университеті ҚР Инвестициялар және даму министрлігімен және Еуроодақпен бірге қаржы саласындағы шетелдік сарапшыларды шақыра отырып, экспорттық бақылау бойынша екі күндік семинарды өткізеді.

Семинарда оқытушылар және кедендік реттеу саласындағы тәжірибелі мамандар ғылыми қауымдастыққа, ЕО елдеріндегі мемлекеттік қызметшілерге арналған оқу бағдарламаларын ұйымдастырудың заманауи үлгілерімен таныстырмақ.

ЕО және Қазақстан арасындағы ынтымақтастық 2015 жылдан бастап, қос тағайындалуы бар тауарлардың саудасын реттеудің жаңа кезеңін белгілеп, CoE38 жобасын жүзеге асыру аясында жүзеге асырылуда.

Семинар спикерлері арасында Мюнстер Университеті Сыртқы сауда академиясының зерттеулер жетекшісі Кристофер Даллиморды белгілеу қажет. Ол WCO PICARD Standards және EU Customs Competency Framework қолдана отырып, кедендік реттеу мәселелері бойынша студенттерге арнап шебер-сыныпты өткізді.

Ал Бельгия профессоры  Квентин Мишель (Льеж университеті) қос тағайындалуы бар тауарлардың халықаралық сауда қағидалары туралы баяндады.

Отандық экспорттық бақылау жүйесін ҚР ИДМ ИДӨҚК Экспорттық бақылау және лицензиялау басқармасының жетекшісі Ерлан Ундигенов табыс етті.

Семинарға қатысушылар:

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы;

ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы;

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс Университеті;

ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті;

ҚР Сыртқы істер министрлігі;

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті;

ҚР Қорғаныс министрлігінің Әскери-техникалық саясат департаменті;

ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті;

ҚР Білім және ғылым министрлігі.

ЕО өкілдері:

Prof. Quentin Michel                        – University of Liège, Belgium

Mr. Ian Stewart                                  – King’s College London, UK

Mr. Laszlo Stefan                              – Head of Licensing Department, Hungarian Trade and Licensing Office, Hungary

Mr. James Bouttell                            – Former Department for Business Innovation and Skills, UK

Mr. Christopher Dallimore               – Head of Studies, Academy of Foreign Trade/University of Münster, Germany

Ms. Angelika Pfafferodt                   – Senior Project Manager, Federal Office for Economic Affairs and Export Controls, Germany

Ms. Sofia Azimova                           – Long-term expert, EU Outreach Program in Export Control of Dual Use Items

Поделиться с друзьями: