КАЗГЮУ студенттері академиялық оралымдылық бағдарламасы бойынша РАНА-да білім алуда

КАЗГЮУ студенттері алғаш рет Ресейлік адвокатура және нотариат академиясында (Мәскеу қ., Ресей) академиялық оралымдылық бағдарламасы бойынша білім алатын  болады. Бейсембеков Сырым және Зейнулла Алтын «Құқық қорғау қызметі» мамандығының 2-курс студенттері болып табылады және көктемгі семестрде ресейлік Академияда оқиды.

Студенттеріміз оқытушылардың құрамындағы әйгілі адвокаттардың, атақты профессорлардың дәрістеріне тәнті болып, білім ордасының орталықта орналасқанына қуануда. Еске сала кетейік, ресейлік Академияның студенті Варфоломеева Татьяна осы семестр бойы біздің Университетте оқиды. Студенттерімізге табысты әрі қызықты оқу тілейміз!

Поделиться с друзьями: