24.11.2017 Ешниязов Н.С.

24.11.2017 Ешниязов Нұржан Серғалиұлының «Халықаралық жеке құқықтағы коллизиялық нормаларды қолдану ережелері (салыстырмалы құқықтық аспект)» тақырыбындағы «6D030100 – Заңтану» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациясының қорғауы.

2017 жылы 24 қарашада сағат 16.00-де «Университет КАЗГЮУ» АҚ-да Ешниязов Нұржан Серғалиұлының «Халықаралық жеке құқықтағы коллизиялық нормаларды қолдану ережелері (салыстырмалы құқықтық аспект)» тақырыбындағы «6D030100 – Заңтану» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациясы қорғалады.

Диссертация «Университет КАЗГЮУ» АҚ-ның Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу құқығы кафедрасында дайындалған.

Рецензенттер: 

Нукушева Айгуль Ашимовна – заң ғылымдарының кандидаты, доцент (мамандығы «12.00.03 – азаматтық құқық; кәсіпкерлік құқық; отбасы құқығы; халықаралық жеке құқық; азаматтық іс жүргізу; төрелік іс жүргізу»), «Болашақ» Академиясының заңтану пәндері кафедрасының профессоры, Қазақстан Республикасы.

Абилова Майгуль Нестаевна – философия докторы (PhD), мамандығы – «6D030100 – Заңтану»,  Каспий Университетінің «Әділет» Құқық Жоғарғы Мектебінің ассоциацияланған профессоры, Қазақстан Республикасы.

Ғылыми кеңесшілер: 

Қыстаубай Өмірбай Сайынұлы – заң ғылымдарының кандидаты, доцент (мамандығы «12.00.03 – азаматтық құқық; кәсіпкерлік құқық; отбасы құқығы; халықаралық жеке құқық; азаматтық іс жүргізу; төрелік іс жүргізу»), «Университет КАЗГЮУ» АҚ-ның ғылыми хатшысы – Басқарма хатшысы, Қазақстан Республикасы.

Короткий Тимур Робертович – заң ғылымдарының кандидаты, доцент (мамандығы «12.00.03 – азаматтық құқық; кәсіпкерлік құқық; отбасы құқығы; халықаралық жеке құқық; азаматтық іс жүргізу; төрелік іс жүргізу»),  «Одесса Заң Академиясы» Ұлттық Университетінің халықаралық құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының профессоры, Украина.

Қорғау Астана қаласы, Қорғалжын тас жолы, 8 мекенжайы бойынша 611 аудиторияда (Ғылыми Кеңес залы) «Университет КАЗГЮУ» АҚ жанындағы «6D030100 – Заңтану», «6D030200 – Халықаралық құқық» мамандықтары бойынша Диссертациялық кеңесте орыс тілінде өтеді.

Толығырақ…

Поделиться с друзьями: