Енді КАЗГЮУ студенттері BestProfi жүйесін пайдалана алады

Ынтымақтастық аясында отандық 
«BestProfi» компаниясы КАЗГЮУ-дің Қашықтықтан оқыту орталығының студенттеріне өзінің анықтамалық-құқықтық базасына тегін кіру мүмкіндігін ұсынды. 

 
Сарапшылардың бағалауынша, үйден шықпай-ақ, қажетті ақпараттың барлығын алу мүмкіндігі студенттерді оқыту процесін айтарлықтай жеңілдетеді және жалпы алғанда, Қазақстанда онлайн-білім алуды кеңінен таратуға оң септігін тигізеді. 
Осылайша, КАЗГЮУ Университеті білім беру қызметтерінің қолжетімділігін қамтамасыз етіп және сапасына кепілдік беріп, заман талабына сай ілгері қадам басуда. 

Поделиться с друзьями: