23.02.2018 Темірбеков Ж.Р.


23.02.2018 Темірбеков Жалғас Рамазанұлының «Құқықтық мемлекет, құқық үстемдігі концепциялары және күшті мемлекет құрудың мәселелері: шетелдік және қазақстандық тәжірибе» тақырыбындағы «6D030100 – Заңтану» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациясының қорғауы

2018 жылы 23 ақпанда сағат 15.30-да «Университет КАЗГЮУ» АҚ-да Темірбеков Жалғас Рамазанұлының «Құқықтық мемлекет, құқық үстемдігі концепциялары және күшті мемлекет құрудың мәселелері: шетелдік және қазақстандық тәжірибе» тақырыбындағы «6D030100 – Заңтану» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациясы қорғалады.

Диссертация «Университет КАЗГЮУ» АҚ-ның Мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасында дайындалған.

Рецензенттер: 

Бусурманов Жумабек Дюсешевич – заң ғылымдарының докторы, профессор (мамандығы «12.00.01 – Құқық және мемлекет теориясы мен тарихы, саяси-құқықтық ілімдер тарихы»). ҚР Жоғарғы соты жанындағы Сот төрелігі академиясының соттық-құқықтық және инновациялық жобалар ҒЗИ директоры, Астана қаласы, Қазақстан Республикасы.

Караев Алипаша Агаханович – заң ғылымдарының кандидаты, профессор (мамандығы «12.00.02 – Конституциялық құқық, муниципалдық құқық, әкімшілік құқық, қаржы құқығы»). Каспий Университетінің «Әділет» Құқық жоғары мектебі деканының ғылыми жұмыс бойынша орынбасары, Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы.

Ғылыми кеңесшілер: 

Ударцев Сергей Федорович – заң ғылымдарының докторы, профессор (мамандығы «12.00.01 – Құқық және мемлекет теориясы мен тарихы, саяси-құқықтық ілімдер тарихы»). КАЗГЮУ Университеті С. Зиманов атындағы Құқықтық және экономикалық зерттеулер академиясында құқықтық саясат, конституциялық заңнама және мемлекеттік басқару мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу жобаларының жетекшісі. Астана қаласы, Қазақстан Республикасы.

Federico Casolari – PhD, Болонья Университетінің ассоциацияланған профессоры, Болонья қаласы, Италия.

Қорғау Астана қаласы, Қорғалжын тас жолы, 8 мекенжайы бойынша 611 аудиторияда (Ғылыми Кеңес залы) «Университет КАЗГЮУ» АҚ жанындағы «6D030100 – Заңтану», «6D030200 – Халықаралық құқық» мамандықтары бойынша Диссертациялық кеңесте орыс тілінде өтеді.

Поделиться с друзьями: