“Академиялық адалдық лигасының” құрылтай шартына қол қойылды

2018 жылғы 4 қазанда М.S. Narikbaev atyndagy КАZGUU Universitetі-нің Ректоры Т.М. Нәрікбаев пен Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) Ректороының м.а. А.М. Қанағатованың кездесуі кезінде «Академиялық адалдық лигасы» жоғары оқу орындары қауымдастығының құрылтай шартына қол қойылды.

Қауымдастықты құру мақсаты академиялық адалдық принциптерін ілгерілету арқылы білімнің сапасын арттыру болып табылады. Бұл қағидаттар жиырма төрт жоғары оқу орнының өкілдері қол қойған Академиялық Адалдық Лигасын құру туралы декларацияда қарастырылған.
Академиялық Адалдық қағидаттары академиялық адалдықты түсіну мен қолданудың негізгі идеялары мен тәсілдерін бекітуге арналған. Олар жоғары оқу мекемесінің академиялық адалдығын бекітеді (1-қағидат), адал академиялық практика үшін қолайлы ахуалдың құрылуын реттейді (3 және 4-қағидаттар) және осындай ахуалды құру бойынша жұмыстың түсінікті әрі айқын болуын қамтамасыз етеді және жоғары оқу мекемесінің жауаптылығын бекітеді (7, 8, 9-қағидалар).

Қағидаттар:
1. Академиялық адалдық Лиганың әрбір мүшесінің, оның білім беру процесінің және зерттеулерінің ең басты құндылығы болып табылады.
2. Лиганың әрбір мүшесі академиялық адалдықтың айқын, әділ және дәйекті стандарттарының, дәйексөз келтіру ережелерінің және мінез-құлық ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді.
3. Лиганың әрбір мүшесі академиялық және/немесе зерттеу мақсаттарына ұсынылған, олардың сипатына, мазмұны мен көлеміне қарамастан, барлық жазбаша жұмыстарын плагиатқа міндетті тексеруді қамтамасыз ету үшін жауаптылықта болады.
4. Лиганың әрбір мүшесі академиялық адалдық принциптері мен стандарттарын бұзғаны үшін білім алушылардың жауапкершілігін қамтамасыз етеді.
5. Лиганың әрбір мүшесі оқу нәтижелерін әділ әрі дұрыс бағалаудың өз жүйесі аясында білім алушыларға қатысты жоғары талаптарды белгілейді.
6. Лиганың әрбір мүшесі тек үздіктерге ғана өз оқуын бітіруге мүмкіндік береді.
7. Лиганың әрбір мүшесі кадрларды даярлау сапасы үшін жауаптылықта болады, ол дипломмен расталған.
8. Лиганың әрбір мүшесі академиялық адалдық принциптері мен стандарттарын, өзара сыйластық пен әділдікті дарытатын ұстаз ретінде оқытушының биік жауаптылығын қамтамасыз етеді.
9. Лиганың әрбір мүшесі академиялық адалдықты ілгерілету және қорғау білім беру ұйымындағы барлық білім алушылар мен қызметкерлердің ортақ күштерінің нәтижесі болып табылатындығын мойындайды.
10. Лиганың әрбір мүшесі өзіне жүктелген, оның ішінде Лига қызметінің негізгі принциптерін адал орындауға міндеттенеді. Ол Жарғы не Лига актілеріне сәйкес міндеттемелерді орындамағаны, сондай-ақ академиялық адалдық принциптері мен стандарттарын, оның ішінде Лига қызметінің негізгі принциптерін бұзғаны үшін ұйымнан шығарылуы мүмкін екенін түсінеді.

Поделиться с друзьями: