Andrassy Университетінде магистратурада оқуға арналған стипендиялар

Құрметті студенттер, түлектер! Будапешт қаласындағы немістілді Andrassy Университетінің (AUB) магистратурасында оқу үшін DAAD германиялық академиялық алмасу қызметінен стипендия алу мүмкіндігіңіз бар.

Будапешттегі Andrassy Университеті – 2001 жылы Венгрия мен Аустрияның, Швейцария мен Германияның қолдауымен құрылған еуропалық университет.

AUB оқу тілі неміс тілі болғандықтан, талапкерлер/студенттер неміс тілін белгілі бір деңгейде білуге тиіс.

Қазіргі таңда AUB-де әлемнің жиырма елінен екі жүз жиырмаға жуық студент оқып, зерттеулерін жүргізеді және елуге тарта оқытушы сабақ береді.

Бұл стипендия мынадай бағыттар бойынша магистр дәрежесін алу үшін ЕО-ға кірмейтін елдерден шетел түлектері үшін AUB-де оқу мүмкіндігін ұсынады:

– Халықаралық экономика және бизнес магистрі;

– Халықаралық қатынастар магистрі;

– “Менеджмент және көшбасшылық” магистрі;

– “Орталық Еуропадағы маманданумен тарих” магистрі;

– Дипломатия

– “Орталық Еуропа зерттеулер” магистрі;

– Салыстырмалы мемлекеттік және құқықтық ғылымдар;

– “Еуропалық және халықаралық басқару” магистрі.

Бұл стипендия жөнінде көбірек мағлұматты www.studienstart.eu сайтынан ала аласыздар. DAAD 800 € құрайтын ай сайынғы стипендияны ұсынады.

Өтінішті беру шарттары туралы ақпарат мына сайтта: www.studienstart.eu/stipendien/daaddrittlandstipendium

Поделиться с друзьями: