КАЗГЮУ-да Білім және ғылым министрлігінің Жобалық кеңсесі ашылды

М.С. Нарикбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жобалық кеңсесінің ресми ашылуы өтті. Ашылу барысында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаев меморандумға қол қойды.

Жобалық кеңсе халықаралық стандарттарға сәйкес білім және ғылым жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша пәрменді шараларын пысықтайтын тиімді құрылым болмақ. КАЗГЮУ Университетінің проректоры Мирас Дауленов ашылуда жоғары білім беру саласындағы бұзушылықтарды талдау және анықтау арқылы қол жеткізетін жобалық кеңсе жұмысының бағдарламасымен таныстырды. Сондай-ақ Білім министрлігінің заңға тәуелді актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама өткізу жоспарлануда.

ҚР БҒМ басшысы Асхат Аймағамбетов аталған Кеңсенің білім беру саласындағы академиялық адалдық бастауларында тұрған КАЗГЮУ Университеті негізінде құрылғаны кездейсоқ емес екенін айтып өтті.

Поделиться с друзьями: