СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҒЫЛЫМИ САРАПТАМАНЫ ТОҚТАТА ТҰРУ ТУРАЛЫ

ОМО басшыларына,

Қазақстан Республикасының

облыстық, қалалық және

аудандық әкімдіктеріне

M.S. Narıkbaev atyndaǵy KAZGUU Unıversıteti Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің нұсқау хатына сәйкес (кіріс № КҚ-10702, 2022 жылғы 18 қарашадағы) 2022 жылғы 01 желтоқсаннан бастап 31 желтоқсанға дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманы жүргізу үшін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қабылдауды тоқтататынын хабарлайды.

Осыған орай барлық орталық және жергілікті мемлекеттік органдардан мемлекеттік органның құрамына кіретін мүдделі құрылымдық бөлімшелер мен ведомстволарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамаға шұғыл және өзекті НҚА жобаларын 2022 жылғы 30 қарашаға дейін ұсыну қажеттілігі туралы хабарлауды сұраймыз.

Байланысу деректері: 8 7172 703015, 8 7172 703042м

 

Документке сілтеме

Поделиться с друзьями: