Халықаралық студенттерге арналған стипендиялық бағдарлама

 

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі бакалавриат, магистратура мен PhD докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша біздің елдің ЖОО-да білім алу үшін шетел азаматтарын, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын қазақ ұлтының тұлғаларын шақырады.

Грант саны:

1. Бакалавриат – 490

2. Магистратура – 50

3. PhD докторантура – 10

Стипендиялық бағдарламаның операторы – ҚР ҒЖБМ Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы. Үміткерлер құжаттарды 2023 жылдың 30 наурызынан 30 маусымына дейін онлайн тапсыра алады. Толығырақ ақпарат алу үшін сілтемеге өтіңіз https://enic-kazakhstan.edu.kz/ru/stipendialnye-programmy/operativnaya-informaciya

Поделиться с друзьями: