Қазақстан үшін жоғары білікті мамандарды тәрбиелеу

Осындай міндетті өз алдына КАЗГЮУ Университетінің Экономика жоғары мектебі мен Бизнес-мектебінің оқытушысы Самат Панов қояды. Самат «Marketing Partners» ЖШС-і білім беру компаниясының директоры, құрылтайшысы, іскерлік әкімшілендіру магистрі, Edmund S.Muskie Graduate Fellowship Program стипендиясының иегері болып табылады. Өз жетістіктерімен бөлісу, өз алдына нақты мақсаттарды қоюға үйрету, пайдалы сабақ алып, қателіктерден қорықпау – осының барлығын Самат Төлегенұлы КАЗГЮУ студенттері мен тыңдаушыларына сегіз жылдан бері үйретуде.

– Самат Төлегенұлы, қайда жерде оқып, еңбек еткенсіз?

– Алғашқы жоғары білімімді мен ҚарМУ-дың экономикалық факультетінде «Қаржы және кредит» мамандығы бойынша алған едім. Университетті үздік бітіріп, сол жерде сабақ бердім. Одан кейін мен көбінесе қаржы және маркетинг саласында жұмыс жасадым. Жиырма жылдың ішінде мен ҚарМУ-да, Темірбанк, Астана-финанс, «National Business» іскерлік журналы, «Астана-финанс және Цесна-Капиталдың брокерлік компанияларында жұмыс істедім.

2007 жылы АҚШ-тың мемлекеттік департаментінің Эдмунд Маски білім беру бағдарламасы төңірегінде Сан-Францисконың (АҚШ) Golden Gate University үздік тәмәмдадым, бұл университетте мен МВА бағдарламасы бойынша оқыдым. Менің соңғы корпоративтік жұмысым – «Цесна-капитал» АҚ басқарушы директоры-басқарма мүшесі. 2012 жылдан бастап мен – «Marketing Partners» ЖШС-інің директорымын.

– КАЗГЮУ-да қай пәннен сабақ бересіз?

– 2009 жылы КАЗГЮУ-дың Бизнес-мектебінде МВА тыңдаушыларына сабақ бере бастадым. 2015 жылдан бастап Экономика мектебінде де сабақ берем. «Менеджмент негіздері», «Көпшілік алдында сөз сөйлеу», «Advertising strategy and promotion», «Көшбасшылық» секілді пәндерден дәріс оқыдым. Қазіргі уақытта «Менеджмент негіздері» және «International marketing» пәндерін оқытудамын.

Поделиться с друзьями: