КАЗГЮУ-да жазғы IT «methodpro» мектебі өз жұмысын бастады

Ү.ж. 12 маусымында КАЗГЮУ-дың Экономика жоғары мектебі мен Method Coding School жобасы іске қосылды – еліміздің студенттері үшін ең үздік отандық компанияларда жазғы ІТ-тағылымдама.

ІТ саласындағы кәсіпқойлардың бағдарламалау және бизнес бойынша сабақтары М. Нәрікбаев атындағы кітапханада өткізілуде. Спикерлері – MethodPro мектебінің негіз қалаушылары Дагар Давлетов және Самат Исказиев. Іріктеуден өткен жүз студенттің арасында КАЗГЮУ Университетінің студенттері мен түлектері де бар. Оқуды табысты аяқтаған жағдайда, қатысушыларға Method мен КАЗГЮУ Университетінің Экономика жоғары мектебінің Ақпараттық технологиялар саласында қосымша мамандану бағдарламасынан өткені туралы сертификаттары табысталады.
Осыған дейін хабарланғандай, ІТ мамандары мен ІТ мамандары еместер үшін жазғы тағылымдама 12 тамызға дейін өтеді.

Поделиться с друзьями: