КАЗГЮУ түлегі ТМД-ның түрме реформасы бойынша Сенімді Уәкіл болып тағайындалды.

Қылмыстық-атқару жүйесі мен қылмыстық сот төрелігі халықаралық қорының (IPPF) дүниежүзілік конгресінде ТМД елдерінде кешенді бағыттарды жүзеге асыру және түрме реформасы бойынша Сенімді уәкіл болып алғаш рет КАЗГЮУ Университетінің түлегі, Орталық Азиядағы Penal Reform International өкілдігінің өңірлік директоры Азамат Шамбилов тағайындалды.

Халықаралық түрме реформасының ОА кеңсесінің ақпараты бойынша, бұл мандат ерекше жетістіктер және адамның құқықтарын дамыту мен ілгерілетуге қосқан үлес үшін беріледі. Азамат Шамбилов қор тарихында осындай сенімге ие болған тұңғыш қазақстандық болды.

IPPF басшысы Филлип Рапозаның айтуынша: «Біз көптеген жылдар бойы адамдардың құқықтары саласында табысты жұмыс істеп келе жатқан әрі сотталғандардың, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауға, азаптауларға қарсы күреске үлкен үлес қосқан Орталық Азияның дарынды әрі белсенді құқық қорғаушысы Азамат Шамбиловты осы лауазымға тағайындауға қуаныштымыз. Оның құқық қорғау қызметінің нәтижелері өте маңызды және адамның құқықтарын әрі қарай ілгерілету үшін негіз болып табылады, осыған орай біз ұйымымыздың Сенімді Уәкілі болуды тапсырдық».

КАЗГЮУ Университетінің басшылығы мен ұжымы Азаматты осы құрметті әрі жауапты лауазымға тағайындалуымен құттықтайды, өз түлегін мақтан етеді және халықаралық деңгейде елеулі жетістіктерге жетуін тілейді.

Поделиться с друзьями: