Петропавл қаласының мектеп түлектері арасында ағылшын тілінен олимпиада нәтижелері

Ағылшын тілі департаменті және Маркетинг бөлімі 2019 жылдың қаңтар айында Петропавл қаласында өзінің ағылшын тілін білу деңгейін тексеріп, M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti-не оқуға түскісі келетін мектеп түлектерінің арасында олимпиаданы өткізді.

2016 жылдан бастап M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti-не оқуға түсу кезінде талапкерлер міндетті түрде ағылшын тілінен емтихан (KAZGUU English Placement TEST – KEPT) тапсырып, Pre-Intermediate төмен емес деңгейді көрсетуге тиіс.

Алпыс және одан да көп балл жинаған қатысушылар КЕРТ-тен босатылады және КЕРТ емтиханынан өтпей, құжаттарын тапсыра береді.

Олимпиада өзінде оқу және жазу бөлімдерін қамтиды. Жеңімпаздарды құттықтап, сүйікті білім ордамызда күтеміз!

Олимпиады нәтижелері.

Поделиться с друзьями: