KAZGUU заң клиникасы мұқтаж жандарға заң қызметтерін көрсетеді

Заң клиникасы – M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti Құқық жоғары мектебінің құқықтық көмек көрсету және халықтың құқықтық салауаттылығын арттыру бойынша құрылымдық бөлімшесі.

Заң клиникасының міндеттері: халыққа тегін құқықтық көмек көрсету, халықтың құқықтық салауаттылық деңгейін арттыру, халықтың әлеуметтік қауқарсыз топтарына ерекше назар аударып, Қазақстанда сот төрелігіне деген қолжетімділігін қамтамасыз ету, студенттердің заң кәсібінің практикалық аспектілерін меңгеруіне бағытталған оқу процесін қамтамасыз ету.

Заң клиникасындағы жұмыс тәртібі:

Заң клиникасында консультацияларды оқытушының басшылығымен “Заңтану”, “Құқық қорғау қызметі”, “Халықаралық құқық” мамандығы бойынша білім алып жатқан үлкен курстардың студенттері береді. Олар дүйсенбіден бастап жұмаға дейін сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін (түскі үзіліс сағат 13.00-15.00 дейін) Нұр-Сұлтан қ., Қорғалжын тас жолы, 8, M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti, каб. 213а қабылдайды. Телефондары: + 7 7172 70 30 32 email: e_babadzhanyan@kazguu.kz

Анықтама ретінде:

KAZGUU заң клиникасында Құқық жоғары мектебінің жетпіс студенті қызмет етеді, олардың барлығы 2 – 4-курс студенттері болып табылады. Соңғы үш жылдың ішінде студенттер KAZGUU Заң клиникасының кабинетінде және Нұр-Сұлтан қ. Сарыарқа аудандық сотының негізінде жеке кездесу аясында, сондай-ақ Конгресс-Холл, “Хан-Шатыр” орталығында өткізілген “Шұғыл заң көмегі”, “Тегін заң консультациялар күні” және “Халық заңгері” акциялары төңірегінде жүздеген адамға консультация берді.

Консультациялардан басқа студенттер құқықтық көмек те көрсетеді – сотқа дейінгі және сот сатыларында әр түрлі істер бойынша өтініш берушілердің мүдделерін қорғау (клиника басшысының қатысуымен), оның ішінде:

долларлық ипотекалық қарызды қайта құрылымдау;

– жұмысқа қайта тұрғызу;

– жалақыны өндіріп алу;

– алимент өндіріп алу;

– тұрғын үйдің заңсыз құлатуын болдырмау;

– үлескерлердің мүдделерін қорғау;

-атқарушылық өндіріс сатысындағы көмек және т.б.

Кезінде консультацияларды алған және заң көмегіміз тиген адамдардың алғыстары түсуде. Студенттеріміздің дайындаған талап қою арыздары және басқа да процестік құжаттар бірде-бір рет қайтарылмай, қабылданады, ал нысаны ретінде жылжымайтын мүлікті көздейтін шарттардың жобалары ескертулерсіз тіркеледі.

Сондай-ақ KAZGUU заң клиникасы Назарбаев Университетінің Инновациялық кластерімен ынтымақтастық аясында жас кәсіпкерлердің стартаптарын құқықтық сүйемелдеуді жүзеге асырады және “Адал ниет” әлеуметтік орталығына консультация береді.

Поделиться с друзьями: