7 қазан – Сеул ұлттық университетімен академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуға өтінімді берудің соңғы күні

Құрметті Құқық жоғары мектебінің студенттері!

Сеул ұлттық университетімен (Оңтүстік Корея) академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуға өтінімдер 2016 жылдың 7 қазанына дейін халықаралық ынтымақтастық бөлімінде (213-кабинет) қабылданады.

Қажетті құжаттар және қатысу талаптары туралы толық ақпаратпен Университет сайтының «Академиялық ұтқырлық» айдарында таныса аласыз немесе консультацияның қабылдау сағаттарында академиялық ұтқырлық жөніндегі үйлестірушіге жолықсаңыз болады.  

Өтінімдерді әр бейсенбі және жұма күндері сағат 15.00-ден бастап 17.00-ге дейін күтеміз!

Поделиться с друзьями: