Танымал кәсіпкер КАЗГЮУ студенттерімен кездесті

КАЗГЮУ Университетінде танымал қазақстандық кәсіпкер, мультимиллиардер, Қазақстан Республикасының Бокс федерациясының вице-президенті, қоғамдық қайраткер, демеуші Бауыржан Оспанов қонақ дәрісін оқыды.

Қонақ дәрісі төңірегінде табысты қазақстандық кәсіпкер университет студенттерімен өзінің Қазақстанда бизнесті жүргізу мен дамыту тәжірибесімен бөлісті.  

Қазақстандағы ең ірі «ZHERSU» өнеркәсіптік корпорациясы құрылтайшысының айтуынша, қазіргі таңда ұлттық компаниялармен келісімшарттарды жасасқан кезде, отандық кәсіпкерлердің экономикалық ахуалы, шетелдік әріптестермен салыстырғанда, төменірек болып тұр.

– Ел заңдары өз халқына арналған болу керек. Көршілес елдермен бәсекелестік болған кезде, басымдық соларға беріледі. Мәселен, мен ел резидентімін және менің компаниям бар, мен ұлттық компаниямен келісімшартты қолданыстағы заңнамаға сәйкес (автордың ескертпесі, Қазақстан Республикасының резиденттері арасында валюталық операцияларға тыйым салынған деп көздейтін «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Заңының баптарын қараңыз) тек теңгемен жасасуға мәжбүрмін.  Ал шетелдік әріптестердің сауда мәмілелерін жасасу кезінде валютаны таңдау құқығы бар. Отандық валюта құнсыздалған кезде, біз, отандық кәсіпкерлер шығындарға ұшыраймыз, ал шетелдіктер, керісінше, мол табысқа кенеледі, – деп белгіледі Б. Оспанов.

Осылайша, студенттік жастарға өзінің ақыл-кеңесін беріп, кәсіпкер «әділ заңдарды» шығаруға, сондай-ақ еліміздің дәл ғылымдарды меңгерген және осылайша, Қазақстанның техникалық дамуына өз үлесін қоса алатын жоғары білімді және патриот азаматы болуға шақырды.

Бауыржан Оспанов Қазақстанның ең бай елу кәсіпкерлерінің қатарына кіреді,  «ZHERSU» инвестициялық-өнеркәсіптік корпорациясының төрағасы, «Forbes» журналының «Қазақстанның ең беделді кәсіпкерлері» рейтингіне қатысушы болып табылады.

Поделиться с друзьями: