КАЗГЮУ түлегі Қазақстан Республикасының бірінші энергетика вице-министрі болып тағайындалды

2016 жылы Махамбет Досмухамбетов КАЗГЮУ Университетінің Бизнес-мектебін тәмәмдап, іскерлік әкімшілендіру магистрі болып атанды. КАЗГЮУ Университеті өз түлегін жауапты лауазымға тағайындалғанымен құттықтайды және  кәсіби қызметінің табысты болуына тілектестігін білдіреді.

Махамбет Жолдасғалиұлы 1960 жылғы 25 желтоқсанда Атырау облысында дүниеге келген. Өзінің еңбек жолы «Эмбанефть» бірлестігінің Балықшы барлаулы бұрғылау басқармасының геологы ретінде бастады, «Эмбанефть» ЖШС-інің «Доссорнефть» мұнай-газ өндіру басқармасының геологиялық бөлімінің бастығы лауазымын атқарды, «Макатнефть» мұнай-газ өндіру басқармасының бас геологы болып жұмыс істеді, «Казахойл» ұлттық мұнай-газ компаниясының Мұнай-газ кен орындарын әзірлеу және геология департаментін басқарды және Шикізат базасын дамыту және жер қойнауын қорғау департаментінің директоры болып қызмет атқарды.

2002 жылдан бастап «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» ЖАО Геология және әзірлеу департаментінің директоры, одан кейін Қолданыстағы келісімшарттар мониторингі департаменті директорының орынбасары және содан кейін Үлестерді басқару департаменті директорының орынбасары лауазымдарын атқарды. Одан басқа, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның Бас геологы, Бас директордың геология және геофизика жөніндегі орынбасары, Бас директордың геология және әзірлеу жөніндегі орынбасары, Бас директордың бірінші орынбасары – басқарма мүшесі лауазымдарын қызметін атқарды.

Соңғы уақытта «Эмбамұнайгаз» АҚ-ның Бас директоры (басқарма төрағасы), Геология жөнінде басқарушы директор – бас геолог, Басқарма төрағасының ірі жобалар жөніндегі орынбасары және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ ірі операциялық емес активтер және теңіз жобалары бойынша аға вице-президенті болып қызмет атқарды.

Поделиться с друзьями: