КАЗГЮУ Құрметті Ректорын мерейтойымен құттықтаймыз

Бүгін 23 қараша күні КАЗГЮУ құрметті бірінші ректоры Еркеш Қалиұлы Нұрпейісовтың туған күні. 1994 жылы Еркеш Қалиұлы сол кездегі Қазақ мемлекеттік заң институтын басқарды. КАЗГЮУ Университетінің басшылығы мен ұжымы туған күн иесін 70-жылдық мерейтойымен құттықтап, мықты денсаулық пен белсенді кәсіптік қызметті тілейді.   

Еркеш Қалиұлы заң ғылымдарының кандидаты, доцент, ҚР Жаратылыс ғылымдары академиясының академигі болып табылады.

Еркеш Нұрпейісов өзінің еңбек жолында облыстық Кеңес депутаты, Жаратылыс ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі, академигі, Қазақстан заңгерлері қауымдастығының президенті, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік саясат жөніндегі ұлттық кеңестің және Жоғары Сот кеңесінің мүшесі болып қызмет атқарды.

Бірқатар ғылыми, әдеби еңбектер мен монографиялардың және елуден астам ғылыми және ғылыми-көпшілік мақалалардың авторы болып табылады.  

Поделиться с друзьями: