KAZGUU FEST – КАЗГЮУ Университетінде ашық есіктер күні

2017 жылдың 22 сәуірінде КАЗГЮУ Университеті елорданың мектеп түлектеріне өз есігін айқара ашты.

Экономика жоғары мектебінің (ЭЖМ), Құқық жоғары мектебі ҚЖМ) мен Әскери кафедраның өкілдері мамандықтар жәрмеңкесінде талапкерлер мен олардың ата-аналары үшін консультация өткізіп, өз мектептерінің жетістіктері мен наградалары жайында айтып берді. Талапкерлер КАЗГЮУ-дың студенттік ұйымдарының ақпараты туралы толыққанды ақпаратқа ие болды.

Кездесу аясында ҚЖМ директорының орынбасары Б. Айтенова қонақтарға факультет мамандықтарында оқу артықшылығы жайында әңгімеледі, сондай-ақ шетелдік тағылымдамалар мен түлектердің жұмысқа орналасуы туралы ақпаратпен бөлісті. Ал ЭЖМ өкілі С. Ерболатова академиялық ұтқырлық, қос диплом бағдарламалары мен сертификатталған бағдарламалар туралы әңгімеледі.

Сондай-ақ студенттер талапкерлерге арнап логика мен жылдамдықты тексеру үшін квест ойынды дайындады. Елордалық мектептер мен гимназияларының түлектері криминалистикалық полигонды, М. Нәрікбаев атындағы кітапхананы, әскери кафедра мен КАЗГЮУ-дың басқа да көрнекті жерлерін аралап шықты. Мектеп оқушылары үшін қару-жарақ көрмесі мен тир ұйымдастырылды.

Поделиться с друзьями: