КАЗГЮУ түлегі еліміздің ең үздік мемлекеттік қызметкері болып танылды

КАЗГЮУ Университетінің түлегі, ҚР Парламенті Мәжілісі аппаратының заңнама бөлімінің бас кеңесшісі Жанна Оңлашева «Қазақстан Республикасының ең үздік мемлекеттік қызметкері» байқауының жеңімпаздарының бірі болып атанды. «Мемлекеттік органдардың қызметін құқықтық және кадрлық қамсыздандыру» номинациясында ол үздіктердің қатарына енді.

Бұл байқаудың алғаш рет өткізілгенін атап өткен жөн. Байқауға Қазақстанның барлық өңірлерінен үш жүзге жуық қызметкер қатысты.

Жанна Оңлашева еңбек жолын ғылыми салада бастап, әрі қарай мемлекеттік қызметке бет бұрды. КАЗГЮУ-да сабақ берді, одан кейін Қазақстан Республикасының Дін істері комитетінің басқармасын басқарды, дәлірек айтқанда, «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңын әзірлеушілердің бірі болды.

Поделиться с друзьями: