Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов КАЗГЮУ Университетінің Құрметті профессоры атанды

Еліміздің заң әрі экономикалық кадрларды даярлау саласындағы алдыңғы қатарлы университетінің дамуына қосқан көп жылдық үлесі үшін Ералы Лұқпанұлы жоғары академиялық мәртебе иесі атанды.
Е. Тоғжанов 1997 жылдан бастап КАЗГЮУ-дің халықаралық құқық факультетінің деканы лауазымын атқарды, ал кейін университет филиалын басқарды, 2001 жылы Астанадағы Университеттің Құқық және мемлекеттік қызмет институтының директоры болып қызмет атқарды.

Қазіргі уақытта Ералы Лұқпанұлы КАЗГЮУ түлектері қауымдастығының Қамқоршылық кеңесінің төрағасы бола тұрып, демеуші ретінде білім ордасының түлектеріне жан-жақты көмек көрсетуде.

Поделиться с друзьями: