КАЗГЮУ-да Нұр-Сұлтан қ. білім беру ұйымдары Қамқорлық кеңестерінің жиналысы өткен

2020 жылғы 13 қаңтарда ҚР Білім және ғылым министрлігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі «ADAL BILIM» жобалық кеңсесі M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti-нің негізінде Нұр-Сұлтан қаласының білім беру ұйымдарының Қамқорлық кеңестерінің жұмыс жиналысын өткізді.

Аталған шараға Қамқорлық кеңестерінің және Ата-аналар жұртшылығының қалалық кеңесінің төрағалары мен мүшелері, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қ. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Превенция және адалдық департаментінің, Нұр-Сұлтан қ. Білім басқармасының, ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің және Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің, Баланың құқықтары және халықаралық ынтымақтастық басқармасының өкілдері қатысты.

Жұмыс жиыны аясында Қамқорлық кеңестерінің мәртебесі мен функцияларының проблемалық мәселелері, олардың рөлі және білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда тиімділікті арттыру тәсілдері талқыланды, сондай-ақ Қамқорлық кеңестері қызметінің үлгілік қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде бірқатар ұсыныстар әзірленді.

Жиналыстың қорытындысы бойынша Қамқорлық кеңестері мүшелерінің Қамқорлық кеңестері қызметінің үлгілік қағидаларына (ҚР Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығы) өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстарын жинау және M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti-нің негізінде Қамқорлық кеңестерінің мүшелері үшін мектептердің бюджетін қалыптастыру және мемлекеттік сатып алуды талдауды жүргізу тәртібі бойынша оқытушы семинарды өткізу туралы шешім қабылданды.

Поделиться с друзьями: