Студент үйіне орын ұсынуға өтініштерді қабылдаудың 22 кезеңі

Құрметті студенттер!

М.С. Нарикбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті Студент үйі орын ұсынуға өтініштерді қабылдаудың 22 кезеңі 2020 жылдың 17 ақпанынан бастап 19 ақпанына дейінгі аралықта «Платон» ААЖ бағдарламасында – «Жатақхана» модулінде жүзеге асырылатынын хабарлайды. Өтініштер «Платон» ААЖ бағдарламасында көрсетілген құжаттар болған жағдайда қарастырылады. Тиісті жеңілдіктері бар студенттерге орын алуда басым құқық беріледі. Тиісті құжаттарды қоса беру міндетті.

2020 жылдың 20 ақпанында Тұрғын үй комиссиясының Студент үйі орын бөлу жөніндегі отырысы өткізіледі. Тұрғын үй комиссиясының шешімі «Платон» ААЖ арқылы жарияланады.

2020 жылғы 20-21 ақпанында оң шешім алған студенттер Университет Студент үйіне орналастырылады. Студент үйіне орналасу барысында мынадай төлемдер туралы түбіртектер болу қажет:

  1. Ай сайынғы тұру – 10 000 теңге ( 3 айға алдын ала төлем сомасы – 30 000 теңге)

  2. Кепіл сомасы – 20 000 теңге.

Поделиться с друзьями: