Онлайн конференцияға қатысуға шақыру

КАЗГЮУ Университеті «Коронавирус (COVID-19) аурумен күрес аясындағы әкімшілік, теңіз және ғарыш құқығының өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын ұйымдастырушылармен бірге онлайн конференцияға қатысуға шақырады. Онлайн конференция 24-25 сәуір аралығында өтеді.
Аталған конференцияның мақсаттары:
 жер бетінде, теңізде және ғарышта вирустық пандемия таралған жағдайда адамзат сақталуының философиялық және заңды аспектілерін анықтау және талдау;
 коронавирус (COVID-19) ауруының таралуына қарсы мемлекеттік басқару саласындағы факторларды талдау;
 COVID-19 ауруына қарсы тұрудағы қатаң әкімшілік және құқықтық режимдерді бөліп көрсету;
 олардың азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын шектеуге (бұзуға) тигізетін әсерін анықтау.
Конференцияға қатысуға зерттеушілер, заңгерлер, құқық қорғау органдары, полиция, университеттердегі әкімшілік, теңіз және ғарыш құқығын оқытатын оқытушылар, мемлекеттік қызметкерлер, сот қызметкерлері, медициналық қызметкерлер және COVID-19 ауруына қарсы шараларға қатысып жүрген басқа да қызметкерлер шақырылады.
Толығырақ ақпаратты http://sipl.com.ua/ сілтемесі арқала ала аласыздар.

Поделиться с друзьями: