Біз 2021 жылдың көктемгі семестріне академиялық ұтқырлыққа өтінімдерді қабылдау кезеңінің басталғаны туралы қуана хабарлаймыз.

Қымбатты студенттер!

Біз 2021 жылдың көктемгі семестріне академиялық ұтқырлыққа өтінімдерді қабылдау кезеңінің басталғаны туралы қуана хабарлаймыз.

Мына қадамдарды орындауларыңызды сұраймыз:
1. Университетті таңдау. Олардың санын, пәндерінің тізімін тексеру. Эдвайзермен осы университеттердің қайсыбірі КАЗГЮУ-дағы оқу бағдарламаңызға сәйкес келетіні жөнінде ақылдасу.
2. Ата-аналарыңызға хабарлау.
3. Сауалнаманы толтыру және барлық қажетті құжаттарды жинау.
4. Сұрақтарыңыз туындаған жағдайда, mobility@kazguu.kz поштасына Халықаралық ынтымақтастық бөліміне хабарласуыңызды сұраймыз.

Төменде 2021 жылдың көктемгі семестріне әріптес-университеттердің тізімі ұсынылған, бұл университеттерде Erasmus + стипендиясын алуға мүмкіндігіңіз бар: GPA 3.0 және жоғары, B2 ағылшын тілі деңгейі, керемет мотивация; ай сайынғы стипендия (айына 600-800 еуро). Барлық мамандықтардың студенттері қатыса алады; университеттердің веб-сайттарын және олардың оқу бағдарламаларын тексеріңіз.

1. Еуропалық Гуманитарлық Университеті (European Humanities University) –1 студент.

2. Кордоба Университеті, Испания – 1 студент

3. Дунайварош Университеті, Мажарстан – 2 студент

Төменде 2021 жылдың көктемгі семестріне әріптес университеттердің тізімі ұсынылған. Барлық студенттер қатыса алады, бірақ шығындарын (жолақысы, қонақүй шығындары, визалық алым, сақтандыру, тамақтану және жеке шығындары) өздері өтейді:

Ресей:
ЭЖМ ҒЗУ құқық факультеті – 5 студент;
Испания
Хаэн Университеті (University of Jaen), Хаэн – Аударма ісі, Бизнес және Басқару – 5 студент.
Германия:
Рейн-Вааль Университеті (Rhein Waal Hochschule), Клеве қ. – Құқық (2 студент);
Хоф Университеті (Hof University), Хоф – Бизнес және Басқару, IT (3 не одан да көп студент)
Виадрина Еуропалық Университеті (European University Viadrina), Франкфурт (Одер) – Экономика (2 студент);
Чех Республикасы:
Мендель Университет (Mendel University), Брно – Халықаралық құқық, Экономика, Туризм – 3-4 студент;
Карлов университетінің заң факультеті, Прага – Құқық – 1 студент (онлайн);
Италия:
Болонья Университеті (Bologna University), Болонья – Халықаралық құқық – 1-2 студент;
Грузия
Шота Руставели атындағы Батуми мемлекеттік университеті (Batumi Shota Rustaveli State University) – Туризм, Психология – 2 студент;

Өлшемшартқа сәйкестік: университетке байланысты, бірақ жалпы алғанда 2-3-курс студенттері,
GPA – 2,5, ағылшын тілі деңгейі – B2.
Өтінімдерді қабылдаудың соңғы күні: 2020 жылғы 21 қазан.
Толтырылған құжаттарды қағаз және электрондық түрінде 222-кабинетке тапсыруларыңызды сұраймыз. Халықаралық ынтымақтастық бөліміне құжаттарды тапсыру үшін алдын ала мына сілтеме бойынша жазылу керек:
https://docs.google.com/spreadsheets/d/1Eia6msWOt7P5aKDlJMfo0xr2Go2ZfgUemn2jCqNKpfc/edit#gid=0 .
Халықаралық ынтымақтастық бөліміне құжаттарды тапсырған соң академиялық ұтқырлыққа конкурсқа қатысу туралы өтінішті мерзімнің аяқталуына дейін сілтеме бойынша ЦОН-ның сайтында тіркеу қажет.

Төменде қажетті құжаттардың тізімі ұсынылған:
— студенттің өтініші (нысан бойынша) – міндетті түрде Декан қол қою керек (нысаны қоса беріледі);
— ҚР азаматының сауалнамасы (нысаны қоса беріледі);
— 2 фотосурет 3х4 см.
— Академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуға ата-ананың рұқсаты (конкурсқа қатысу үшін көшірмесі болады, түпнұсқасын іріктелгеннен кейін әкелу керек) (нысаны қоса беріледі);
— Транскрипт екі тілде – ЦОН-нан алу.
— Жеке куәлік және паспорттың көшірмесі.
— Еркін нысанда екі ұсыным хаты – қазіргі оқытушыларынан немесе сізді жақсы танитын оқытушылардан – өткен семестрден, ғылыми жетекшілер және т.б.
— ЦОН-ға өтініш (нысаны қоса беріледі);
— республикалық не халықаралық деңгейдегі іс-шараға қатысу үшін алынған, таңдалған оқу бағыты бойынша грамоталар, сертификаттар, дипломдар көшірмесі (болған жағдайда);
— келесі тұлғалар санатына жататындығы туралы фактіні растайтын құжаттың түпнұсқасы: отбасы құрамы туралы құжат, көп балалы отбасынан шыққанын растау үшін, баланың ата-анасының жоқ екенін растайтын құжаттың көшірмесі (жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жататын студенттердің санаты үшін), студенттің мүгедектігін растайтын құжат.

2020 жылдың күзгі семестріне іріктелген және ұтқырлықтың ауыстырғанын растаған студенттер 2021 жылдың көктемгі семестріне конкурстан автоматтық түрде өтеді.

Ескертпе: коронавирустың таралуына (COVID-19) байланысты ағымдағы ахуал нашарлаған жағдайда және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тиісті өкімдері негізінде 2021 жылдың көктемгі семестріне академиялық ұтқырлықтың тоқталу қаупі бар.

Анкета гражданина Республики Казахстан, выезжающего на обучение за рубеж

Форма согласия родителей

Заявление студента по форме

Заявление в ЦОН

Поделиться с друзьями: