КАЗГЮУ Университетінің командасы «Адам құқықтарына көзқарасымыз» халықаралық байқауында Қазақстанның жоғары оқу орындарының студенттері арасында бірінші орынға ие болды.

2020 жылдың 17 желтоқсанында Санкт-Петербург қаласында Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей қатысушылары «Адам құқықтарына көзқарасымыз» халықаралық байқауының марапаттау рәсіміне қатысты. Байқауға 1475 жұмыс қабылданып, бес мың адам қатысты.

Қазақстан атынан байқаудың әріптестері қазақстандық қатысушылардың арасында ең үздік еңбектерді таңдады. Қазақстаннан бұл байқауға 76 жұмыс және 161 адам қатысты.

КАЗГЮУ Университетінің «Халықаралық құқық» білім беру бағдарламасы 4-курс студенттерінің командасынан Қуаныш Өзбеков және Ғани Сүтбаев бұл байқауға «Білім алу құқығы» тақырыбын таңдады. Команданың ғылыми жетекшісі ҚЖМ Жария құқық департаментінің доценті, заң ғылымдарының кандидаты Ж.Г. Калишева болды.

2021 жылдың 5 қаңтарында сағат 14.00-де (Алматы қаласының уақытымен) жеңімпаздарды марапаттау рәсімінің онлайн-трансляциясы өткен. Марапаттау рәсімінде жетекшілерімен бірге конкурс қатысушылары қазылар алқасының пікірін тыңдап, жүлдегерлердің бейнежұмыстарын тамашалады. Конкурстың қорытындысы бойынша Қазақстан ЖОО-ларының студенттері арасында жеңімпаз болып М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінің командасы атанды.

Казақстан ЖОО-ларының студенттері арасында бірінші орынды иеленген Қуаныш Өзбеков пен Ғани Сүтбаевты құттықтаймыз.

Поделиться с друзьями: