1 ҚАРАШАДА ДОКТОРАНТУРАҒА ТҮСУ ҮШІН ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

1 қараша күні докторантураға түсу үшін екінші емтиханға құжаттарды қабылдау басталып, 2021 жылдың 15 қарашасына дейін жалғасады.

Биыл докторантураға түсу ережелеріне өзгерістер енгізілген болатын. Енді докторантураға қабылдау «1 оқуға түсуші – 1 компьютер – 1 камера» қағидаты бойынша өңірлік тестілеу орталықтарында электрондық форматта өтетін түсу емтиханының нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.

Қабылдау емтиханы эссе жазу, докторантурада оқуға дайындық тестілеуі және білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихандардан тұрады.

Екінші түсу емтиханына қатысуға тіркелу ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында жүргізіледі.

Қабылдау емтиханы 2021 жылдың 18 қарашасынан 11 желтоқсанына дейін өтеді. Айта кетейік, мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізде оқуға түсу үшін өту балы 75 балды құрайды. Докторантураға оқуға қабылдау 2021 жылғы 26 желтоқсан мен 10 қаңтар аралығында өтеді.

Поделиться с друзьями: