«ҚР парламентаризмді дамыту қоры» ҚҚ мен MNU арасындағы ынтымақтастық және өзара түсіністік туралы меморандум

2023 жылғы 8 қыркүйекте MNU Провосты С. Пен және «Қазақстандағы Парламентаризмді дамыту қоры» Қоғамдық Қорының Директоры З. Батталова Ынтымақтастық және Өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды. Бұл Меморандум еркін ерік білдіру нышаны, заңнаманы жетілдіру, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту сұрақтары бойынша тараптардың ортақ іс-шаралар, жобалар, ғылыми-тәжірибелік және аналитикалық зерттеулер, ғылыми-тәжірибелік конференциялар, симпозиумдар, дөңгелек столдар, вебинарлар мен форумдар, парламенттік тыңдаулар, пікірталас алаңдар жүргізу ниеттерін білдіреді.

Студенттер мен магистранттардың ғылыми және өндірістік тағылымдамаларын ұйымдастыру және өткізу, конституциялық, парламенттік құқық саласындағы ғылыми жұмыстарға бітіруші курс студенттерін тарту тараптар арасындағы серіктестік бағыттарының бірі болып табылады.

Поделиться с друзьями: