ЕХРО-2017 көрмесіне еріктілер ретінде 300-ден астам студент қатыспақшы

Бұл жөнінде «ЕХРО-2017» комиссары Рапиль Жошыбаев КАЗГЮУ Университетінің студенттерімен кездесу барысында хабарлады.

Оның айтуынша, КАЗГЮУ отандық және халықаралық құқық саласындағы ең үздік жоғары оқу орындарының бірі болып қала беруде. Университет оқытушылары мен студенттері республикалық және әлемдік деңгейдегі конференциялар, көрмелер, семинарлар секілді барлық шараларға белсенді қатысуда.

– Біз кампанияны өткізіп, көрменің жұмысы басталмай тұрып, еліміздің ең беделді жоғары оқу орындарында білім алып жатқан студенттер мен оқытушыларға еліміз үшін айтулы оқиға жайында әңгімелейміз. 300-ден астам студент ЕХРО-2017 көрмесінде волонтер болады. Оның ішінде, 50 студент – аударма ісі, халықаралық құқық, қонақүй ісі факультеттерінің білім алушылары. Олардың барлығы болашақ мамандар және осы көрмеге қатысулары әрбір студент үшін құнды тәжірибеге ие болуға тамаша мүмкіндік, – деп белгіледі комиссар.

Кездесу төңірегінде ол әр түрлі елдердің ауқымды көрмелерді өткізу тарихымен бөлісті және студенттердің алдағы көрме туралы сұрақтарына жауап берді.

Поделиться с друзьями: