IV Халықаралық жастар заң форумы

2018 жылғы 10-12 желтоқсан аралығында М.S. Narikbaev atyndagy КАZGUU Universitetі Астана қаласындағы ЕҚЫҰ бағдарламаларының кеңсесі және Сорос-Қазақстан қорының қолдауымен Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының 70-жылдығына арналған IV Халықаралық жастар заң форумын өткізеді. Форум «Адам құқықтары және ұлттық қауіпсіздіктің қазіргі заманғы қауіп-қатерлері» тақырыбына жарыс-пікірталастық нысанында өтеді.
Форум мынадай кезеңдерден тұрады:
бірінші күн – Қазақстанның және шет елдерінің адам құқықтарын қорғау мәселелері бойынша танымал сарапшыларының баяндамалары жөнінде пікір таластыру;
екінші күн – финалға қатысушыларды анықтап, секциялар бойынша жарыс;
үшінші күн – жарыстың қорытындысы, марапаттау.
Студенттер мынадай секциялар бойынша баяндамаларды ұсынады: а) адамның азаматтық құқықтары; в) адамның саяси құқықтары; с) адамның әлеуметтік құқықтары; д) адамның мәдени және экономикалық құқықтары. Тіркеу нысанын толтыру кезінде студент өзі қатысқысы келетін секцияны таңдауға тиіс. Әркім өз атынан қатыса алады. Форумның қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған студенттерге ақшалай сыйлық беріледі.
Форумға қатысу үшін Қазақстан, Қырғызстан, Украина, Беларусь, Грузия, Молдова және Әзірбайжан секілді елдердің бакалавриат студенттері шақырылады. Форумның қатысу арқылы өткізілетін бөлігіне 32 студент жолдама алады, оның ішінде басқа қалалардан келген 8 студент және шет елдерден келген 8 студент. Барлық шетелдік және басқа қалалардан келген командаларға жол шығындары, сондай-ақ Астанада тұру шығындары өтеледі.
Тіркелу 31 қазанға дейін (қоса алғанда) жүргізіледі. Іріктеу мынадай өлшемшарттар бойынша жүргізіледі: GPA және баяндама тақырыбы, жалпы идеялары мен форумға қатысу себептері, секциялары көрсетіле отырып, мазмұны ықшам мотивациялық хат.

Поделиться с друзьями: