КАЗГЮУ өзбек оқушыларына арналған гранттар жөнінде және ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою мәселесі Ташкент қаласында орын алды

5 желтоқсан күні Ташкент қаласында КАЗГЮУ Университетінің Басқарма Төрағасы Талғат Нәрікбаев Scopus Award 2019 рәсімі аясында Өзбекстан Республикасы Үкіметінің вице-премьері Азиз Абдухакимовпен және халық ағарту министрі Шерзод Шерматовпен кездесті.

Scopus Award халықаралық сыйлығы – Elsevier компаниясының ғалымдарды белсенді қызметі үшін көтермелеуге, ғалымның мәртебесін қолдауға, жас ғалымдардың арасында кәсіби ғылыми қызметті танымал етуге бағыттталған ғаламдық бастамасы. Биыл сыйлық иегерлерін марапаттау рәсімі Ташкент қаласында өткен.

Жуырда ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев Ташкент шаһарына барған кезде, Қазақстанның жетекші оқу орындары Орталық Азия елдерінен студенттердің оқуына 10 грант бөлетін болады деп мәлімдеді. Елбасының сөзін орындау үшін Талғат Нәрікбаев биыл M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti өзбек мектептерінің түлектеріне кампуста тегін тұру мүмкіндігімен бакалавриатта оқуға 10 грант бөлетіндігін жариялады. Өзбек мектеп түлектерінің арасында гранттарды Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің жанындағы Білімнің сапасын қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлетін болады.

Дәл сол күні Өзбекстан Республикасының Әділет министрінің орынбасары және Ташкент мемлекеттік заң университетінің ректоры Рахим Хакимов және КАЗГЮУ Университетінің Басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл Меморандумға қол қою – M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti-нің халықаралық бағыттағы жұмысының нәтижесі.

Поделиться с друзьями: