ҚР БҒМ РОӘК отырысы өткен

Ағымдағы жылдың 3 наурызында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Республикалық жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысы өткен. Аталған жиынға «Құқық» бағыты бойынша ОӘБ Төрағасы Т.М. Нәрікбаев, төрағаның орынбасары
С.Г. Пен, ОӘБ – ЖБТ әкімшісі Ж.Г. Калишева қатысты. Отырыстың күн тәртібі мазмұнды болып, мынадай мәселелер қаралды:

  1. «Бизнес және басқару» даярлау бағыты бойынша ОӘБ – ЖБТ қызметі туралы. Өзінің презентациясымен Нархоз Университеті ректорының кеңесшісі М.А. Скиба таныстырды;

  2. «Гуманитарлық ғылымдар» даярлау бағыты бойынша ОӘБ – ЖБТ қызметі туралы (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті);

  3. «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» даярлау бағыты бойынша ОӘБ – ЖБТ қызметі туралы (Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің ректоры Р.К. Өскенбаева);

  4. Магистратура мен докторантураға оқуға түсу үшін сабақтас даярлау бағыттары бойынша сәйкестік кестесінің жобасын талқылау (ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру басқармасының басшысы А.Б. Жұмабекова);

  5. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышына өзгерістер мен толықтыруларды енгізу мәселелерін талқылау. 

Күн тәртібінің мәселелерін және баяндамашылардың презентацияларын талқылау аясында қатысушылардың назары мынадай мәселелерге аударылды:

1. Білім беру бағдарламаларын әзірлеу және «Атамекен» ҰКП сайтында орналастырылған кәсіптік стандарттар мен жұмыс берушілердің ұсыныстары ескеріле отырып, олардың жаңартылуы.

2. Кәсіби қауымдастықтардың білім беру бағдарламаларын аккредиттеуі.

3. Кәсіптік сертификаттау.

4. Түлектің құзыреттілік үлгісін әзірлеу.

5. Бакалавриат, магистратура, докторантура деңгейлері бойынша жалпы оқу нәтижелері.

6. Білім алушылардың қосымша құзыреттерін қалыптастыру мақсатында пәндердің жиынтығын қамтитын Minor білім беру бағдарламалары.

7. Оқулықтар: олардың мазмұнына жаңаша көзқарас және жаңа пәндерді оқулықтармен қамтамасыз ету.

8. Магистратураға түсушілер үшін компьютерлік тестілеуді компьютерлік нысанда өткізу.

9. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышына ұсыныстар.

Осылай, Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышы бойынша «Құқық» бағыты бойынша көзделген «Кеден ісі» мамандығы «Бизнес және басқару» бағытына ауыстырылды. Айта кетерлік, «Құқық» бағыты бойынша оқу-әдістемелік бірлестігінің негізгі жоғары оқу орны ретінде M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti осыған дейін 2018 жылы «Кеден ісі» мамандығын Сыныптауышта қайта қарауды ұсынған еді.

Поделиться с друзьями: