КАЗГЮУ қашықтықтан оқыту жүйесіне көшеді

M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti 2020 жылдың 16 наурызынан бастап ресми түрде қашықтықтан оқыту нысанына өтеді.

Бүкіл әлем бойынша «COVID-19» коронавирустық індеттің өршуіне байланысты сақтық шаралары мақсатында КАЗГЮУ білім беру процесін қашықтықтан оқыту жүйесіне ауыстыруда.

КАЗГЮУ заманауи қашықтықтан білім беру технологияларын пайдалана отырып, күнделікті тіршіліктен қол үзбей пәндер бойынша сапалы жоғары білім ұсынады. Canvas жүйесі білім сапасына және оқу процесінің тиімділігіне зиян келтірмей оқуға мүмкіндік береді.

Індеттен сақтану үшін:
– қолды жиі жуу;
– антисептикті көбірек пайдалану;
– медициналық бетпердені тағу керек.

Сіздерге деген қамқорлықпен, КАЗГЮУ!

Поделиться с друзьями: