Солтүстік Каспий және Қарашығанақ жобаларының қаражаты есебінен білім беру гранттары

Жыл сайын Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, «PSA», НКОК Н.В., «КПО Б.В.» ЖШС-і және «KAZENERGY» Қауымдастығы арасындағы Ынтымақтастық туралы меморандумның төңірегінде Солтүстік Каспий және Қарашығанақ жобалары аясында бөлінетін қаражат есебінен оқу ақысын төлеу үшін үміткерлерді іріктеу өтеді.
Үміткерлерді іріктеу бойынша байқауға Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады:

– жалпы білім беретін мектептердің, гимназиялардың, бейінді мектептердің, жоғары оқу орындарының және колледждердің түлектері;
– жоғары оқу орындарының және колледждердің студенттері.
Байқауға қатысу үшін ЖОО-ларға оқуға түскен және оқып жатқан студенттер мынадай құжаттарды ұсынады:
1) белгіленген үлгідегі өтініш;
2) жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) көрсетілген жеке куәлік/төлқұжат көшірмесі;
3) білімді алғанын және оқу үлгерімін растайтын құжат көшірмесі (жалпы орта білім аттестаты немесе ҰБТ/КТ сертификаты не диплом) – бірінші курсқа түскендер үшін және білім алушылар үшін – GРА көрсетілген транскрипт (басқа бағалау жүйесі қолданылған жағдайда, оқу мекемесінің оқу бөлімі растаған GРА 3,33 тең, оқу үлгерімі туралы анықтаманы ұсыну қажет);
4) мекенжай анықтамасы;
5) отбасы құрамы туралы анықтама (көпбалалы отбасылар үшін ғана);
6) үміткердің сол не басқа көрсетілген санатқа (аз қамтылған және толық емес отбасы, жетім, мүгедек (болған жағдайда)) жататынын растайтын құжат;
7) қол қойылған (университеттің ресми бланкісінде) немесе университеттің мөрімен расталған оқуға түскендерден/білім алушылардан оқуға қабылдау/оқу туралы анықтама (заңды тұлғалар төлеу үшін бір академиялық оқу жылының ақысы, оқу курсы мен нысаны, қаржылық берешектің болмауы);
8) байқауларға, олимпиадаларға және т.б. қатысу туралы куәландыратын құжаттардың көшірмелері (болған жағдайда) .
Толығырақ мына сайтта: https://www.kazenergy.com/ru/operation/educational-program/138/1044/

Байқауға қатысу үшін құжаттарды қабылдау және тіркеу 2020 жылғы 10 шілде мен 25 тамыз аралығында жүргізіледі. Электрондық өтінімді жоғарыда көрсетілген мерзімде grant.kazenergy.com сайтында толтыру қажет. Барлық сұрақтар бойынша мына телефон нөміріне: 8 (7172) 79 49 75, сондай-ақ candidate@kazenergy.com электрондық поштасына хабарласуыңызды сұраймыз.

Транскрипт алу үшін – SmartKAZGUU қосымшасы арқылы онлайн алу.
Растау анықтамасын алу үшін – cdd@kazguu.kz электрондық мекенжайы бойынша онлайн алу.
Анықтамалар 2020 жылғы 3-24 тамыз аралығында поштаға жіберіледі болады.
Аталған мәселелер бойынша Корпоративтік даму бөлімінің менеджері
А.Е. Маймаковаға жолығуға болады (Whats app 8 771 854 56 14, эл. поштасы cdd@kazguu.kz).

Поделиться с друзьями: