Нұрсұлтан Назарбаев Қоры Республикалық студенттік шәкіртақылар байқауына өтінімдер қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды.

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры Республикалық студенттік шәкіртақылар байқауына өтінімдер қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды.

Жеке шәкіртақы алуға үміткерлер:

кемінде екі оқу курсын сәтті аяқтауы;
– академиялық үлгерімнің жоғары көрсеткіштеріне ие болуы (үздік үлгерім);
– қоғамдық және ғылыми-зерттеу қызметіне белсенді қатысуы;
– халықаралық, республикалық фестивальдар мен байқауларда жетістікке жетуі (оқу орындарының студенттері үшін «Өнер және мәдениет» бағыты бойынша) керек.

Байқауға Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын студенттер қатыса алады.

Байқау екі кезеңде өтеді:

● 1-тур оқу орнының базасында өткізіледі, оның барысында шәкіртақы тағайындау үшін үздік студенттерді іріктеу жүзеге асырылады;
● Қор 2-турды оқу орындары ұсынған және байқауға қатысуға жіберілген студенттер арасында өткізеді.

Шәкіртақы алуға ақысыз да, ақылы да негізде оқитын студенттер үміткер бола алады.

Нұрсұлтан Назарбаев Қорының шәкіртақысы бір оқу жылына белгіленеді және жазғы кезеңді қоспағанда, тек оқу кезеңі (екі семестр) үшін ай сайынғы негізде төленеді.

1-турға қатысу үшін 2021 жылдың 30 шілдесі мерзіміне дейін 238-кабинетке келесі құжаттарды:

1) Жоғары академиялық үлгерімін растайтын транскрипт;
2) үміткердің конференцияларға, пәндік олимпиадаларға және байқауларға қатысуы мен жетістіктерін растайтын құжаттардың көшірмесіне қоса:
– үміткер жариялаған (жеке-дара немесе бірлескен авторлықта) ғылыми жұмыстардың тізімін;
– ғылыми конференцияларда, симпозиумдарда өтетін орны мен уақыты көрсетілген тақырыптардың тізімін;
– үміткердің халықаралық және республикалық пәндік олимпиадалардағы, ғылыми және шығармашылық байқаулардағы жеңістерін растайтын құжаттарын;
3) жеке куәліктің көшірмесін тапсыруы қажет.

Барлық сұрақтар бойынша: 8 (7172) 70-30-30, ішкі нөмірі 1199, endowment@kazguu.kz Әнел Ерланқызы.

Поделиться с друзьями: