КАЗГЮУ «Цифрлық Қазақстан» үшін

Өткен жылдың қыркүйегінде цифровизация мәселелеріне арналған республикалық жиналыс барысында Н. Назарбаев «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасымен таныстырды. Елбасы жоғары білікті кадрларды даярлаудың қаншалықты маңызды екендігін белгіледі, бұл өз кезегінде білім саласындағы саясатты қайта қарау қажеттілігімен байланысты. Осы мақсатта М.S. Narikbaev atyndagy КАZGUU Universitetі еліміз бойынша алғашқы болып Canvas жаңа технологиялық платформасын енгізді. Тұтынушылардың қажеттіліктеріне қарай жылдам бейімделетін икемді әрі қауіпсіз жүйе оқу қызметін басқаруға, онлайн-материалдарды әзірлеу мен таратуға арналған. «Осы Бағдарламаның арқасында КАЗГЮУ қағаз жұмысынан бас тартқан. Бұдан былай студенттер мен оқытушылар қағаздары мен кітаптарын тасымай, барлық оқу материалдарын жүйеге жүктей алады. Canvas оқытушының жұмысын жеңілдетіп, бір құрылымға келтіреді. Мәселен, бағалар бойынша өлшемшарттарды шығаруға мүмкіндік беретін және студентке сол не басқа бағаны ұсынатын speed grading функциясы бар. Яғни, бұл функцияда жасанды интеллект принциптері қолданыдады», – деп хабарлайды Университеттің баспасөз-қызметі.

Қазіргі таңда Canvas жүйесін әлем бойынша үш мыңнан астам университет пен білім мекемелері және миллиондаған адам пайдаланады, оның ішінде Harvard University, Yale University, University of Pennsylvania, Northwestern University, Berkeley, Brown, Columbia Business School, Chicago Booth және басқа да әйгілі оқу орындары.

«Тәжірибемен алмасу мақсатында Ректорымыз Талғат Мақсұтұлының шетелдік оқу орнына кезекті сапарынан кейін біз студенттер мен оқытушыларға онлайн түрде білім ортасына енуге мүмкіндік беретін LMS Canvas жүйесімен таныстық. Бұл платформа америкалық әзірлеушілердің өнімі және оның бүкіл әлем бойынша төрт мыңға жуық әріптесі бар. Көп талдап әрі зерттеп, біз бұл платформаның бірқатар бәсекелі артықшылары бар екенін түсініп, оның сапалы әрі қазіргі заманға сай білім беру деген мақсатты ұстанатын заманауи жоғары оқу орнының қажеттілігін өтеуге арналғаны туралы қорытынды жасадық», – деп айтады Қашықтықтан оқыту бөлімінің басшысы Сарман Тулеубаев.

Сондай-ақ жаңа жүйенің мобильдік қосымшасы бар, ол тапсырмаларды тура телефонға жүктеп алуға мүмкіндік береді. Ең бастысы, виртуалдық онлайн-ортасын құруға болады. Студенттер платформаның ішінде өз білімімен және ақпаратпен алмаса алады.

Поделиться с друзьями: