КАЗГЮУ – АХҚО-ның білім беру саласындағы стратегиялық серіктесі

АХҚО Құқық академиясы M.S. Narıkbaev atyndaǵy KAZGUU Unıversıteti-не білім беру саласындағы стратегиялық әріптес мәртебесін бергенін қуанышпен хабарлаймыз!

КАЗГЮУ және АХҚО Құқық академиясы академиялық әріптестіктің және бірлескен бастамаларды табысты іске асырудың құнды тәжірибесін жинақтады. Сонымен қатар, КАЗГЮУ ағылшын құқығы саласында жеке курстарды, содан кейін толыққанды сертификаттау бағдарламасын (майнор) іске қосқан алғашқы Қазақстандық Университет болып табылады.

✔️ Тараптар КАЗГЮУ білім беру бағдарламаларына жалпы құқық және практикалық заңдық құзыреттерді дамыту саласында бірлескен курстарды әзірлеу және енгізу туралы, сондай-ақ бірлескен ғылыми зерттеулер мен аналитика жүргізу туралы уағдаласты.

Біз Қазақстан мен ТМД елдерінің құқықтық жүйесін дамыту мақсатында ұзақ әрі жемісті ынтымақтастыққа қол жеткізетінімізге сенімдіміз.

Дэвид Галло, АХҚО Үздіксіз кәсіби даму бюросы Директорлар кеңесінің мүшесі: «КАЗГЮУ Университеті – құқық, бизнес және гуманитарлық ғылымдар саласындағы бакалавриат және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларының толық спектрін қамтыған Орталық Азиядағы жетекші жоғары оқу орны. АХҚО Құқық академиясы студенттерді бірнеше юрисдикция жағдайында кәсіби табысқа дайындау бойынша КАЗГЮУ миссиясын қолдай отырып, осы құнды қатынастарды нығайтуға қуанышты».

КАЗГЮУ Провосты Сергей Пен: «КАЗГЮУ – алдымен жеке курстарды, содан кейін ағылшын құқығы саласында толыққанды сертификаттау бағдарламасын (майнор) іске қосқан алғашқы Қазақстандық Университет. Бізде қазақстандық студенттер мен заңгер-практиктер үшін жалпы құқықты оқытуда үлкен тәжірибе, сондай-ақ АХҚО Құқық академиясымен бірлескен жобаларды іске асыруда жақсы бэкграунд бар. Күш-жігерді институционалдық негізде біріктіретін кез келді. Біз озық тәжірибені енгізу және ұлттық құқықтық жүйе мен заң білімін жақсарту мақсатында ынтымақтастығымыз бен бірлескен стратегиялық бастамаларымызға сенеміз».

Поделиться с друзьями: