Мектепте оқып жүріп, университеттегі оқуды қалай бастауға болады?

Қазіргі заманның қарқыны жайбарақат өмір сүруге мүмкіндік бермейді. Әсіресе жастар асығады. Өйткені олар бәріне де үлгеруге тиіс – олардың жоспарларында білім алу да, жақсы жұмысқа орналасу немесе бизнес ашу, отбасы құру да бар. Бұның барлығына уақыт керек, ол болса, мүлдем жетпейді. Уақыттың құндылығы еселеді. Қазіргі заманның болмысын ескере отырып, M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti «Мектептің үлкен сынып оқушыларына арналған бакалавриат» бағдарламасын әзірледі, бұл бағдарлама үлкен сынып оқушыларына мектепте оқып жүріп-ақ, базалық пәндерді меңгеруге мүмкіндік береді.
Бағдарламаға қатысушылар өз оқуын құрдастарынан бұрын тәмәмдай алады. Тыңдаушыларға сертификатталған әрі мол тәжірибесі бар оқытушылар сабақ береді, олардың бәрі әлемдегі ең танымал университеттердің түлектері болып табылады. Сонымен бірге, бұл оқу мектеп оқушылары үшін академиялық ортаға ену, студенттермен танысу және уақытты пайдалы өткізу үшін керемет мүмкіндік. Болашақта КАЗГЮУ-ға оқуға түскенде, осы бағдарлама аясында оқылған пәндер есептелетін болады.

Жукенова Дильназ, «Бизнестегі психология», 11-сынып оқушысы, Нұр-Сұлтан қ. № 6 мектебі: «Мен, Жукенова Дильназ, КАЗГЮУ Университетінде «Пре-бакалавриат» бағдарламасында оқыдым және бұл оқу маған жоғары оқу орындарының өмірімен танысуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, мен қандай мамандыққа оқуға түскім келетінімді түсіндім, студенттерді қалай оқытатынын білдім, студенттік өмірді сезініп, университеттің дәстүрлерімен және ережелерімен таныс болдым.
Оқу кезінде маған өз ісінің нағыз мамандары болып табылатын оқытушылар ұнады, олар бізді үлкен-кіші курстарға бөлмей, барлығымызға бірдей қарады, біз болсақ, өз ойымызды және пікірімізді еркін білдіруші едік. Бұрыннан оқып келе жатқан студенттер де бізге көмектесіп жүрді.
«Пре-бакалавриат» бағдарламасы – көптеген мектеп оқушылары үшін болашаққа жоспар құруға тамаша мүмкіндік. Қазіргі таңда КАЗГЮУ – осындай бағдарламаны ұсынатын жалғыз университет. Мектеп оқушыларына бұл мүмкіндікті сыйлаған КАЗГЮУ білімге құштар барлық жастарды қабылдауға қуанышты екендігін көрсетеді!»

Эбенгапасс Елнар, «Қолданбалы лингвистика», 11-сынып оқушысы, Нұр-Сұлтан қ. № 3 мектебі: «Пре-бакалавриат» бағдарламасы бойынша оқып жүріп, бірнеше айдың ішінде мен көптеген адамдармен танысып, қосымша білім алдым. Әрине, университетте оқуды үйрендім, бұның барлығы менің ұстазым арқасында деп ойлаймын. Менің ойымша, осы бағдарлама бойынша оқығандар мектеп бітірген соң студенттік ұжымға тез кіріп кетіп, оған университетке бейімделу оңай болады».

Кенжегулов Азат, «Кәсіпкерлік», KILС Колледжі, 3-курс, Нұр-Сұлтан қ.: «Пре-бакалавриат» бағдарламасы бойынша үш ай оқып жүргенде, мен жауапкершілікке және алдыма мақсат қойып, оған қол жеткізуді үйрендім. Мен үшін бірінші курстың студенттерімен бірге оқу өте қызық болды. Бағдарлама аясында мен үш пәнді таңдадым: Қазіргі Қазақстан тарихы, Философия және Ағылшын тілі. Сабақтар қызық өтетін еді. Маған ең көп ұнағаны: Canvas жүйесі, оқытушылардың кәсіпқойлығы және ең бастысы, университеттің тамаша атмосферасы».

Жылкышбаева Айым, «Менеджмент», 11-сынып оқушысы, Нұр-Сұлтан қ. № 72 мектебі. «Бұл бағдарлама бойынша оқу барысында мен көп нәрсе үйрендім. Құрдастарыма қарағанда, студент болу не екенін ертерек білдім. «Пре-бакалавриат» бағдарламасы мен ойлағаннан да артық болды. Курстың соңында мен оқуымды КАЗГЮУ-да жалғастырғым келетінімді түсіндім».

Университет бұл бағдарлама бойынша оқу үшін екі бағытты ұсынады:
1) базалық оқу бағдарламасы (жалпы білім беретін пәндер)
2) негізгі оқу бағдарламасы (бейінді пәндер)
Оқу нысаны: күндізгі/карантин кезінде қашықтық (бағдарламаға қатысушылар 1-курстың студенттерімен бірге оқиды).
Сабақтардың басталуы:
– жазғы семестр – 2020 жылғы 17 маусым мен 08 шілде аралығында,
– күзгі семестр – 2020 жылғы 1 қыркүйектен бастап.
Жазғы семестрге өтінімдер 2020 жылғы 01 маусымға дейін қабылданады.

Поделиться с друзьями: