КАЗГЮУ Экономика жоғары мектебінің Еуропа, Азия және АҚШ университеттерімен халықаралық ынтымақтастығы

Халықаралық бағдарламалар студенттерге бүкіл әлем бойынша ең үздік университеттерде семестр, бір не екі жыл бойы оқуға жағдай жасайды.
Осы мақсатпен КАЗГЮУ студенттерге шетелдік университеттің дипломын алуға мүмкіндік беретін Қос Диплом Бағдарламасын (DoubleDegree) ұсынады. Айта кетерлік, аталған бағдарлама біздің оқу бағдарламамыздың халықаралық стандарттар бойынша әзірленгенін және оған сәйкес келетінін дәлелдейді.
Қос диплом бағдарламасының артықшылығы – КАЗГЮУ студенті бола тұрып, шетелде білім алу мүмкіндігіне ие болып (әріптес оқу орындары бізбен жасалған шарттардың арқасында тегін бір жылдық бағдарламаларды немесе оқу ақысына үлкен жеңілдіктерді ұсынады), нәтижесінде екі дипломның иегері атануыңыз мүмкін. Әрине, ол үшін жоғары академиялық талаптарға сай келіп, шет тілін жақсы білуіңіз керек.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы:
Жыл сайын Экономика мектебінің жүзден астам студенті Еуропа мен Азия университеттерінде оқып келеді. Қазіргі таңда бүкіл әлем бойынша біздің әріптес оқу орындарының саны отыздан асты.
ЭРАСМУС+ стипендиялық бағдарламалары Еуропада бір семестрді тегін оқып, стипендия алуға мүмкіндік береді.
МЕВЛАНА бағдарламасы Түркияның университетінде семестр не бір жыл бойы оқуға мүмкіндік береді.
КАЗГЮУ Экономика мектебінің оқытушылары Эрасмус + бағдарламасы арқасында халықаралық тәжірибеге ие болуда.

Поделиться с друзьями: